Get Mystery Box with random crypto!

Дің жолы

Telegram kanalining logotibi dintanu — Дің жолы Д
Telegram kanalining logotibi dintanu — Дің жолы
Kanal manzili: @dintanu
Toifalar: Din
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 4
Kanalning ta’rifi

Ас саляму алейкум Аллаһ баршамызға разы болсың ☺️

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Oxirgi xabar 2

2023-01-28 01:40:09 Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады.

Сырым Датұлы
12 views22:40
Ochish/sharhlash
2023-01-27 13:28:49 Қазақ тілі тым киелі тіл ше. Күнделікті өмірдің тілі емес, ғылым мен бизнестің тілі емес. Әріптестерінің бірі не туысы қайтыс болса, ведомоство басшылары қазақ тілінде көңіл айтады, Президент халықты бірлікке шақырғанда, адал еңбек туралы ақыл айтқанда, халық тойға барғанда, жаназа шыққанда қолданатын тіл. Сондай киелі, қасиетті тіл. Абыздардың тілі. Ал таксиге отырсаң, зат сатып алуға барсаң тілін бұрап болсын орысша сөйлеп тұрады тағы бір қазақ. Қазақ тілін киесінен айыратын уақыт жетті. Тілге десакрализация керек.

Асылтай Т.
13 views10:28
Ochish/sharhlash
2023-01-26 21:07:00 - Алланың есебі бар, сен оны есептеме. Бекер шаршайсың.
17 views18:07
Ochish/sharhlash
2023-01-26 09:37:53 Неге мен ҚҰРБАҚА болғым келмейді?!

Бүгін сіздермен осыдан 3 жыл бұрын көрген Оливье Клерктың “Қайнап жатқан судағы Кұрбақа” деген экспериментін бөлісемін.

Бұл оқиғаның басында құрбақаны екі түрлі суға салып көреді. Біріншісі қайнап тұрған ыстық суға, екіншісі 0,02 ºC ақырын көтеріліп жатқан салқын суға қояды. Біріншісінде денесі ыстықты сезіп бірден секіріп түсті. Ал екіншісінде дым болмағандай бір қалыпта отыра берді. Арада біршама уақыт өтіп, су қайнаса да тұрмады.
Температура баяу көтерілгендіктен денесіне білінбей қалған. Ал тұрмауының себебі, уақыт өте келе бұл су оның денесін пісіріп тастаған. Ал біздің білуімізше, піскен құрбақа секірмейді!

Біздің өмірімізде де сондай 0,02 ºC тұратын сынақтар өте көп. Бұл мәселелерге мән бермеген сайын температура көтеріліп, ақырын пісе бастаймыз. Соңында 40 жасқа толғанда сол мәселелерден піскен ҚҰРБАҚА боламыз. Ал біздің білуімізше, піскен ҚҰРБАҚА секірмейді.

Толық ашатын болсақ, сіз қазір өз проблемаларыңызбен күреспесеңіз, жақын болашақта олардың қалай үлкен тауға, қайнаған ыстық суға, жаман дертке, қара уайымға айналғаның сезбей қаласыз.

Бүгін темекі шегіп, біршама уақыттан кейін рак дертіне шалықсаңыз таңғалмаңыз! Бүгін білім алуды қойсаңыз, алда қара жұмыс күтіп тұрғанына таңғалмаңыз! Бүгін дамуды қойсаңыз, артта жүргеніңізге таңғалмаңыз! Бүгін тіс жумасаңыз, ертең тістің түскеніне таңғалмаңыз! Бүгін ақша жинамасаңыз, болашақта дымсыз жүргеніңізге таңғалмаңыз! Бүгін үнемдемесеңіз, ертең финанстық кризисқа таңғалмаңыз!

Осындай миллиондаған мәселелерімізді шешпесек, ертең дәл піскен құрбақаның өзі боламыз. Ал біздің білуімізше, піскен құрбақа секірмейді!
21 views06:37
Ochish/sharhlash
2023-01-24 13:41:41 Залым әрі пасық бір адам досынан:
- Ғибадаттың абзалы не?"- деп сұрайды. Сонда ол:
- Сен үшін ұйқы. Өйткені, ұйықтап жатқан кезіңде ешкімді ренжіте алмайсың! - деп, жауап береді.
28 views10:41
Ochish/sharhlash
2023-01-24 07:23:48 Соңғы 100 жыл қазақта әскер болмады. Себебі оның саяси еркіндігі де болмады. Мемлекет те құдайсыз, моральсыз кодекстермен әдептелген соң, ішкі еркіндікке қажеттілік те болмады. Онда тағы орман заңдылығы дедовщина үстемдік етті. Тәртіп қайдан болсын! Сол советтік әскери жүйе арсыз, ождансыз қалпы біздің елде сақталып қалды. Не жүйе, не тәртіп, не тіл, не діл жай ғана шекпендер мен сұлбалар… осы хәлдегі мемлекет үшін жауды алыстан іздеп керегі жоқ. Себебі оның жауы өз әскері.. Не ұлтын сатып кетеді, не соғыста майданды тастап кетеді… Онда ұлт та, мәдениет те, тарихи сана да, болмыс та, құндылық та, отан да құнсызданған… Құдайдан басқа тәуекел сүйенер қалмады..
27 viewsedited  04:23
Ochish/sharhlash
2023-01-24 06:27:16 Ақшаң болса оны мұқтажға бер. Ақылың артылса, сұрағанға бер. Ал енді ақшаға мұқтаж емеске берген ақшаң ұмыт болады. Ақылды да кез келген адамға айтпа, тегін болса да. Зая кетеді. Себеб сен қайыр жасадым деп ойларсың, ол үшін құны жоқ. Американдық философ Э. Фромм “Еркіндіктен қашу” деген трактатында осындай ой айтқан. Еркіндікке мұқтаж емес жанға еркіндік берсең, ол бәрібір құлдыққа бас иеді. Сен оған қарап еркіндікке зәру деп топшылауың мүмкін. Сосын оған болысып, еркіндікке “жеткізесің”. Ол оны ұмытады. Себебі ол Еркіндікті бағалай алмайды, қадірін білмейді…Сол сияқты баяғы бір дәуренде, мен де бір жасты саяси қысымнан, түрмеден арашалап қалмақшы болып, жанымды салғам. Шет елге асырып, тіпті сонда оқуы үшін де барша танитын тұлғаларды өтіндім. Бірақ бұл әрекетім оның есінде де қалмапты… міне жақсылықты да баршаға жасау зая. Сен қайыр дегенің, жақсылық дегенің ол үшін құнсыздануы ықтимал. Медвежья услуга… Адамды шыбыннан қорғаймын деп, «өлтіріп қоюың»ғажап емес…

Досай Кенжетай
38 views03:27
Ochish/sharhlash
2023-01-23 21:34:26 Ең бірінші доллардың көтерілуі немесе азық-түліктің қымбаттауы емес қоғамның надандығы алаңдатуы керек бізді. Адам ретіндегі құны жоқ, ар-намысы тапталған елдің болашағын елестету қиын. Сол үшін де Абайдан бастап Алаш зиялыларына дейін ең бірінші қоғамның надандығымен күресіп, халықтың көзін ашуға, ағартуға күш салды. Әйтпесе бәрі бекер.
27 views18:34
Ochish/sharhlash
2023-01-23 21:19:09 Өте ауыр. Бұл жігіттің орнында кез-келген азамат болуы мүмкін еді.
Бізге жеткені осы ғана бәлкім. Талай азаматтың ар-намысы тапталып жатқан әскерде қалай батырлар шықпақ!? Өткен апта әскердегі сау баласының есінен айырылып қалғаның естіп жылап отырған ана туралы шығып еді. Бүгін мынау..
28 views18:19
Ochish/sharhlash
2023-01-23 21:13:06 https://azattyq-ruhy.kz/news/50150-tarazda-asylyp-olgen-soldattyn-auzynan-ish-kiiminen-birneshe-adamnyn-sh-ueti-anyktaldy
31 views18:13
Ochish/sharhlash