Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы 100 жыл қазақта әскер болмады. Себебі оның саяси еркінді | Дің жолы

Соңғы 100 жыл қазақта әскер болмады. Себебі оның саяси еркіндігі де болмады. Мемлекет те құдайсыз, моральсыз кодекстермен әдептелген соң, ішкі еркіндікке қажеттілік те болмады. Онда тағы орман заңдылығы дедовщина үстемдік етті. Тәртіп қайдан болсын! Сол советтік әскери жүйе арсыз, ождансыз қалпы біздің елде сақталып қалды. Не жүйе, не тәртіп, не тіл, не діл жай ғана шекпендер мен сұлбалар… осы хәлдегі мемлекет үшін жауды алыстан іздеп керегі жоқ. Себебі оның жауы өз әскері.. Не ұлтын сатып кетеді, не соғыста майданды тастап кетеді… Онда ұлт та, мәдениет те, тарихи сана да, болмыс та, құндылық та, отан да құнсызданған… Құдайдан басқа тәуекел сүйенер қалмады..