Get Mystery Box with random crypto!

Ақшаң болса оны мұқтажға бер. Ақылың артылса, сұрағанға бер. А | Дің жолы

Ақшаң болса оны мұқтажға бер. Ақылың артылса, сұрағанға бер. Ал енді ақшаға мұқтаж емеске берген ақшаң ұмыт болады. Ақылды да кез келген адамға айтпа, тегін болса да. Зая кетеді. Себеб сен қайыр жасадым деп ойларсың, ол үшін құны жоқ. Американдық философ Э. Фромм “Еркіндіктен қашу” деген трактатында осындай ой айтқан. Еркіндікке мұқтаж емес жанға еркіндік берсең, ол бәрібір құлдыққа бас иеді. Сен оған қарап еркіндікке зәру деп топшылауың мүмкін. Сосын оған болысып, еркіндікке “жеткізесің”. Ол оны ұмытады. Себебі ол Еркіндікті бағалай алмайды, қадірін білмейді…Сол сияқты баяғы бір дәуренде, мен де бір жасты саяси қысымнан, түрмеден арашалап қалмақшы болып, жанымды салғам. Шет елге асырып, тіпті сонда оқуы үшін де барша танитын тұлғаларды өтіндім. Бірақ бұл әрекетім оның есінде де қалмапты… міне жақсылықты да баршаға жасау зая. Сен қайыр дегенің, жақсылық дегенің ол үшін құнсыздануы ықтимал. Медвежья услуга… Адамды шыбыннан қорғаймын деп, «өлтіріп қоюың»ғажап емес…

Досай Кенжетай