Get Mystery Box with random crypto!

Неге мен ҚҰРБАҚА болғым келмейді?! Бүгін сіздермен осыдан 3 ж | Дің жолы

Неге мен ҚҰРБАҚА болғым келмейді?!

Бүгін сіздермен осыдан 3 жыл бұрын көрген Оливье Клерктың “Қайнап жатқан судағы Кұрбақа” деген экспериментін бөлісемін.

Бұл оқиғаның басында құрбақаны екі түрлі суға салып көреді. Біріншісі қайнап тұрған ыстық суға, екіншісі 0,02 ºC ақырын көтеріліп жатқан салқын суға қояды. Біріншісінде денесі ыстықты сезіп бірден секіріп түсті. Ал екіншісінде дым болмағандай бір қалыпта отыра берді. Арада біршама уақыт өтіп, су қайнаса да тұрмады.
Температура баяу көтерілгендіктен денесіне білінбей қалған. Ал тұрмауының себебі, уақыт өте келе бұл су оның денесін пісіріп тастаған. Ал біздің білуімізше, піскен құрбақа секірмейді!

Біздің өмірімізде де сондай 0,02 ºC тұратын сынақтар өте көп. Бұл мәселелерге мән бермеген сайын температура көтеріліп, ақырын пісе бастаймыз. Соңында 40 жасқа толғанда сол мәселелерден піскен ҚҰРБАҚА боламыз. Ал біздің білуімізше, піскен ҚҰРБАҚА секірмейді.

Толық ашатын болсақ, сіз қазір өз проблемаларыңызбен күреспесеңіз, жақын болашақта олардың қалай үлкен тауға, қайнаған ыстық суға, жаман дертке, қара уайымға айналғаның сезбей қаласыз.

Бүгін темекі шегіп, біршама уақыттан кейін рак дертіне шалықсаңыз таңғалмаңыз! Бүгін білім алуды қойсаңыз, алда қара жұмыс күтіп тұрғанына таңғалмаңыз! Бүгін дамуды қойсаңыз, артта жүргеніңізге таңғалмаңыз! Бүгін тіс жумасаңыз, ертең тістің түскеніне таңғалмаңыз! Бүгін ақша жинамасаңыз, болашақта дымсыз жүргеніңізге таңғалмаңыз! Бүгін үнемдемесеңіз, ертең финанстық кризисқа таңғалмаңыз!

Осындай миллиондаған мәселелерімізді шешпесек, ертең дәл піскен құрбақаның өзі боламыз. Ал біздің білуімізше, піскен құрбақа секірмейді!