Get Mystery Box with random crypto!

Дің жолы

Telegram kanalining logotibi dintanu — Дің жолы Д
Telegram kanalining logotibi dintanu — Дің жолы
Kanal manzili: @dintanu
Toifalar: Din
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 4
Kanalning ta’rifi

Ас саляму алейкум Аллаһ баршамызға разы болсың ☺️

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Oxirgi xabar 3

2023-01-19 14:42:22 Тартыс және күштілер хаққында

Талас, тартыс - дүние заңдылығы. Күштінің күштілігі де заңдылық. Осыған қарап, адамдар күштілер ғана өмір сүреді деп ойлауы мүмкін. Шыңдығында, нағыз күштілік шындық пен әділдікте екенін ұмытпау керек. Бұл да пәлсапалық заңдылық. Егер өз ісіңіз әділ болса, онда сөзіңіздің дұрыстығына сене беріңіз.

Ғ. Қараш
41 viewsedited  11:42
Ochish/sharhlash
2023-01-19 10:53:42 Абайды қолдан жасалған тұлға, еңбектерін өзі жазбаған дейтін де пікірлер кездеседі ғылымда. Қол жазбаларды оқи алсақ біраз сауалға жауап бар негізі. Рухани идентификациямыз сонда жатыр.
36 views07:53
Ochish/sharhlash
2023-01-19 10:47:15
38 views07:47
Ochish/sharhlash
2023-01-19 10:45:01 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ КӨШІРІЛГЕН ҚОЛЖАЗБАЛАР.
І) МҮРСЕЙІТТІҢ 1906 ЖЫЛЫ КӨШІРГЕН НҰСҚАСЫ

Абайдың әдеби хатшысы Бікіұлы Мүрсейіт тарапынан 1906 жылы көшірілген қолжазба.
Абайтануда бұл қолжазба 1905 жылғы нұсқа деп есептеліп келді.
Оған себеп мұқабаның ішкі жағына араб әріптерімен «Абай өлеңдері. Абайдың әдеби хатшысы Бікіұлы Мүрсейіт көшіріп жазған қолжазбасы. 1905 жыл. 1/ІХ.61» деп жазылған. Бұдан қолжазбаның 1961 жылдың 1 қыркүйегінде қайта түптеліп, нұсқа туралы қысқаша мәлімет берілгенін аңғаруға болады.
Қолжазбаның бас жағында кейінгі түптеушілер тарапынан бұл нұсқаның 1905 жылы көшірілгені айтылғанымен де, даналық сөздер басталатын 129 бетте «Автор Ибраһим марқұм Құнанбайұлының қазақтың мінездері туралы айтқан сөзі мен насихаты, жәдігер Микәйіл Ибраһимұлына тиесілі, пайғамбарлардың соңының (яғни, Мұхаммед) һижретінің 1324 жылы, миләди 1906 жылы жазылды» деп, жәдігердің 1906 жылы көшірілгені ашып көрсетілген.
Соған қарағанда қолжазбаның көшірілу тарихын түптеушілер қате жіберген, немесе шығарманы көшіру 1905 жылы басталып, 1906 жылы аяқталған болуы мүмкін.
Қолжазбаның тарихы соңғы күнімен есептелетінін назарға алсақ, онда бұл қолжазбаны 1906 жылғы нұсқа деуге толық негіз бар.
Хұснихатшының әр қолжазбаны белгілі бір адамға арнап көшіретінін ескерсек, осы нұсқаның ішіндегі «жәдігер үшін тиішлі-дүр (тиесілі) Микәйіл Ибраһим ұлына» деген жазбаға қарап, бұл қолжазбаның Абайдың ұлы Микәйілге тиесілі екендігін аңғаруға болады.
Қолжазба екі бөліктен тұрады. Алғашқы жартысында ақынның өлеңдері берілсе ( 2-114 бб. арасы), екінші жартысында ақынның даналық сөздеріне орын берілген (129-200 бб.).
Қара сөздері төртке бөлініп жазылған: ғақлия, «Китәб тасдиқ», «насихат» және «Сохрат хакімнің сөзі».

Төрәлі Қыдыр
39 views07:45
Ochish/sharhlash
2023-01-16 22:07:47 Жақсы ниет - ниет қана қарасаң,
Дұрысы оны іс қылуға жарасаң.

Жүсіп Баласағұн
37 views19:07
Ochish/sharhlash
2023-01-16 22:02:08 1 жылдай бұрын жақсы ниетте ашылған арна еді. Енді соны жүзеге асырайық деп бастап жатырмын)
37 views19:02
Ochish/sharhlash
2023-01-16 22:00:35 Шыннан өзге Құдай жоқ,
Анық Құдай – Шын Құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса, кiм Құдай?

Бұрын шын бар, бүгiн шын,
Ертең шын бар – үш бөлек.
Керегi жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек.

Шын махаббат қылуға,
Шын сабырың жете ме.
Көрiнген әрбiр сұлуға
Көңiлiң толқып кете ме?

Олай болса, таза ақыл,
Әулиелiк сенде жоқ.
Баянсызға бәрi – құл,
Жынданбаған пенде жоқ.

Әулиедей асықтың,
Қасиетiн былғайсың.
Қылығын қылып жастықтың,
Бiр қалыпта тұрмайсың.

Әлде сайтан, әлде жын,
Бiрiн тастап, бiрiн мiн.
Адам емес – айуансың,
Неге тұрсын сенде шын?
37 views19:00
Ochish/sharhlash