Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Telegram kanalining logotibi kitapkz1 — 📚Электронды кітаптар Э
Telegram kanalining logotibi kitapkz1 — 📚Электронды кітаптар
Kanal manzili: @kitapkz1
Toifalar: Adabiyot
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 33.42K
Kanalning ta’rifi

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Oxirgi xabar

2024-04-07 17:04:56
Португалия & Қазақстан екеуі екі бөлек әлем. Бір біріне қарама қарсы әлем...

Біз понт (мақтан) үшін бүкіл бәрін құрбан қылып жіберсек, оларға понтты түсіндіре алмайсың. Оларда ақысыз мектеп престиж болса, бізде керісінше ақылы мектеп престиж.

Бізде барлығы және барлығы понт негізінде құрылған. Өміріміздің бәрі понт. Телефон, көлік, үй, киім алсақ понт көрсету үшін. Ал португалдар ол заттан ләззат алу үшін.

Бұны не үшін жазып отырмын? Әр елдің, халықтың жақсы жағын үйренейік. Барлығын понт/мақтан үшін емес, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алу үшін өмір сүрсек.

Бұрындары ойлаушы едім: ақшасыз қалай өмірден ләззат алып өмір сүруге болады деп. Оказывается, болады екен. Португалдардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы мәз болмаса да өмірлеріне мәз. Ақшасыз да рақаттанып өмір сүріп жатқан халықты көріп таң тамаша қаласыз.

Барлық проблемаға осы мақтан мен сол үшін жарыс себеп болып тұр.

Енді бұл мақтандарға, ақылды болып көріну мақтаны қосылды.

Барлығы судың маманы, өрттің маманы, экономист, спорт маманы, IT маманы, тб. Бір адамның бойында әлемдегі бүкіл ақыл, білім бар

Бірақ неге екенін білмеймін, сол елді жаймендеп еріп, жаймендеп жиналған су басып (төтеннен келген су емес), өрт шалып, бидайдың үстінде отырып наны қымбат, мұнайдың үстінде отырып бензині қымбат, асып тасыған байлықтың үстінде отырып кедей...

Себебі бұның бәріне мақтангершілікке салыну, жарысу кінәлі.

Осыны тоқтатайық, ағайын. Қарапайым өмір сүріп, жарыспай ақ, өмірден ләззат алып қарапайым өмір сүрейік

Фазылбек Әбсаттарұлы

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1
12.7K viewsedited  14:04
Ochish/sharhlash
2024-03-30 13:37:34
Екі Русь бар. Біріншісі – әлемдік және кем дегенде еуропалық мәдениеттен тамырын тартқан киевтік Русь.

Олар мәдениетті орыстардың және бүкіл батыс әлемінің түсінігіндегі мейрімділік, ар-ождан, бостандық пен әділеттілік идеясын дәріптеп келеді.

Екіншісі – жабайылықтан, тағылықтан арыла алмаған – мәскеулік Русь. Олар қанды деспотия мен озбырлықты өздерінің ұлттық идеясына айналдырып алды.

Алексей Толстой

Алдағы күндері әйгілі орыс қаламгерінің шығармасы арнамызда жарық көреді

@kitapkz1
13.6K views10:37
Ochish/sharhlash
2024-02-26 19:08:43
Мен қазіргі балалардың қатыгездігінен қорқайын дедім...

Үйдің ауласында бір ит жүретін, ешкімге зияны жоқ. Өткенде бір қарағанымда буаз екен. Тағы бірде соңынан төрт бірдей сүйкімді күшігі еріп жүргенін көрдім.

Содан кеше екі кештің ортасында көршім келді жүгіріп (өзі сондай мейірімді келіншек) түрі өрт сөндіргендей түтігіп кеткен:

- Қалай көздері қиды, қалай ғана қолдары барды?! - деп бір отырып, бір тұрды.

- Не болды, Айка, түсіндіріп айтсаңшы, жайшылық па? - дедім шошынып.
/алдында екі баласын өлтірген келіншекті айтайын деді ма деп ойладым/

Сөйтіп едім, онсызда көңілшек адам жылап жіберді:

- Төрт күшікті балалар жабылып ..лтіріп тастапты. Жай ..лтіріп қоя салса мейлі ғой, біреуін бөлшектеп тастаған, біреуінің мойнын бұрап ..лтірген, тіпті айтуға аузың бармайды.

Ең аяныштысы, енесі төрт күшігін мойнынан тістеп, аулаға алып шығып "тұр, тұрсай" дегендей қайта-қайта жұлқылайды. Қыңсып ұлып жатыр байғұс деді...

Көршім кеткеннен кейін біразға дейін өз-өзіме келе алмай сұлқ отырдым да қойдым. Көз алдыма анасынан жаңа туған төрт күшік, жан-жағынан қаумалап алған балалар келді.

Мәссаған, біз кім боп барамыз? Қандай заманда өмір сүріп жатырмыз?..

Автор: Мәриям Әбсаттар

@kitapkz1
14.1K viewsedited  16:08
Ochish/sharhlash
2024-02-23 07:36:24
Білім бе, намаз ба? Мектеп оқушысына қайсысы маңызды?

Қазақ қоғамы үшін жауап берейін. Білім маңызды. Оқушы үшін оқу ісі маңызды. Сосын Америка, Еуропа елдерімен салыстырмаңыздар. Ол жақтағы балаға деген ата-ананың, мұғалімнің, керек болса биліктің де көзқарасы тым бөлек. Замана ешкімді аямайды. Бәсекеге қабілетті бола алмаған бала ертең қатарынан қалады. Ешкімге керек емессің. Сосын не оқу жоқ, не өнер жоқ, жұмыссыздардың қатарына кіреді. Әке-шешесіне салмақ салады. Әлімжеттік жасайды. Ұрлыққа барады…

Құлшылық та керек. Сөзсіз керек. Бірақ мектеп жасындағы балаға емес. Қайталап айтамын, қазақ қоғамы үшін жауап бердім. Осы сөзім үшін мені айыптаудың керегі жоқ

Азамат Битан

@kitapkz1
12.6K viewsedited  04:36
Ochish/sharhlash
2024-02-11 18:09:59
Құдайдан күш-қуат сұрадым, Ол маған қиыншылық берді...

Батылдық сұрадым, Ол мені қауіп-қатерге жолықтырды. Парасат сұрадым, күрделі проблемаларға тап болдым.

Ежелгі грек жазуы осылай дейді.

Түрлі вирус-бактерия адамның ішкі иммунитетін, бойындағы қорғаныс жүйесін күшейтетіні секілді қиындықтар да адамды жан-жақты шыңдайды.

Бойдағы мүлгіп жатқан қабілет-қарымын оятады. Ерік-жігерін жетілдіреді. Ой-өрісін өсіреді. Түрлі қырларын кемелдендіреді.

Қайрат Жолдыбай

Қайрекеңнің "Дауа жүрек" кітабын іздестіру үстіндеміз. Топқа досыңызды шақыруды ұмытпаңыз

@kitapkz1
19.7K viewsedited  15:09
Ochish/sharhlash
2024-02-11 09:44:43
Шетелден келгенде бірден көзге түсетін екі нәрсе бар...

Бірі – кедейленіп, қайыршыға айналған адамдар, екіншісі – күн құрғатпай бола беретін қисапсыз той.

Біріне екіншісі себепкер. Жұрттың көбі табысының едәуір бөлігін тойға баруға, оны ұйымдастыруға, көйлек-көншекке жұмсайды, сол үшін қарызданады.

Мәнді-мәнсіз той көп, қатысы бар, жоқ демей жүз-жүздеп шақырады. Құданың қарындасының немересінің сүндет тойы деген сияқты.

Зейнеткерлер зейнетақысын емге, дәріге емес, той “конвертіне” жұмсайды. Кедейліктің себепкері – той.

Мұхтар Сеңгірбай

Автордың уәжі орынды ма?

@kitapkz1
13.9K viewsedited  06:44
Ochish/sharhlash
2024-02-11 09:07:05
Қарап тұрып жүрегіміз ауырды!

Халықтың жаны қысылып барады. Қазақ қашан жақсы өмір сүреді?

@kitapkz1
15.2K viewsedited  06:07
Ochish/sharhlash
2024-02-08 20:00:01
Қытайлықтарды елге тартатын бірден-бір фактор – Димаш!

– Қазір әлемдегі ең көп туристер – қытайлықтар. Олардың турист ретінде әлемдік экономикаға қосары зор.

Ал бізде, шынын айту керек, қытайлықтарды елге тартатын бірден-бір фактор – Димаш феномені.

Оларға осындай дауыс иесінің қайдан шыққаны, қай жерде тұрғаны деген секілді дүниелер кәдімгідей қызық,-дейді қытайтанушы, халықаралық саясат бойынша сарапшы Айболат Дәлелхан.

Дереккөз: Айқын газеті

Димаштың өнерін бағалайтын оқырманнан

@kitapkz1
17.6K viewsedited  17:00
Ochish/sharhlash
2024-01-31 21:08:15
Баян Мақсатқызы 50 жасқа толыпты...

Оған Ресей эстрадасының жұлдызы Валерий Меладзе келіпті.

Соның қасында біздің қазақ әншілері желп-желп етіп жүр.

Көзім Сәкен Майғазиев, Айқын Төлепбергенді шалып қалды.

Меладзеден бастап бүкіл орыс әншілері бір Димашқа тұрмайды ғой.

Құлдық психология эстрада саласында да бар екен ғой. Ресейлік әнші келсе соның тілінде ән айтып жалп-жалп ететін біз ғана шығармыз.

Кеңес кезінде орыс қасында өзіңді екінші сортты сезіну психологиясы бізден қашан кетер екен?

Нұрсейіт Жылқышыбай

@kitapkz1
15.8K viewsedited  18:08
Ochish/sharhlash
2024-01-29 21:43:50
Сейілбек Мырзабайдың “Балалықтан даналыққа” кітабынан үзінді...

Кітаптың толық нұсқасын іздестіру үстіндеміз

@kitapkz1
15.2K viewsedited  18:43
Ochish/sharhlash