Get Mystery Box with random crypto!

Португалия & Қазақстан екеуі екі бөлек әлем. Бір біріне қарама | 📚Электронды кітаптар

Португалия & Қазақстан екеуі екі бөлек әлем. Бір біріне қарама қарсы әлем...

Біз понт (мақтан) үшін бүкіл бәрін құрбан қылып жіберсек, оларға понтты түсіндіре алмайсың. Оларда ақысыз мектеп престиж болса, бізде керісінше ақылы мектеп престиж.

Бізде барлығы және барлығы понт негізінде құрылған. Өміріміздің бәрі понт. Телефон, көлік, үй, киім алсақ понт көрсету үшін. Ал португалдар ол заттан ләззат алу үшін.

Бұны не үшін жазып отырмын? Әр елдің, халықтың жақсы жағын үйренейік. Барлығын понт/мақтан үшін емес, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алу үшін өмір сүрсек.

Бұрындары ойлаушы едім: ақшасыз қалай өмірден ләззат алып өмір сүруге болады деп. Оказывается, болады екен. Португалдардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы мәз болмаса да өмірлеріне мәз. Ақшасыз да рақаттанып өмір сүріп жатқан халықты көріп таң тамаша қаласыз.

Барлық проблемаға осы мақтан мен сол үшін жарыс себеп болып тұр.

Енді бұл мақтандарға, ақылды болып көріну мақтаны қосылды.

Барлығы судың маманы, өрттің маманы, экономист, спорт маманы, IT маманы, тб. Бір адамның бойында әлемдегі бүкіл ақыл, білім бар

Бірақ неге екенін білмеймін, сол елді жаймендеп еріп, жаймендеп жиналған су басып (төтеннен келген су емес), өрт шалып, бидайдың үстінде отырып наны қымбат, мұнайдың үстінде отырып бензині қымбат, асып тасыған байлықтың үстінде отырып кедей...

Себебі бұның бәріне мақтангершілікке салыну, жарысу кінәлі.

Осыны тоқтатайық, ағайын. Қарапайым өмір сүріп, жарыспай ақ, өмірден ләззат алып қарапайым өмір сүрейік

Фазылбек Әбсаттарұлы

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1