Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Kanal manzili: @kitapkz1
Toifalar: Adabiyot
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 33.25K
Kanalning ta’rifi

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Oxirgi xabar 6

2023-05-08 12:31:31
«Жүректің сырлары» кітабын Имам Ғазали жазған. Әулие кісі.

Жүректі кеселдерден қалай аман сақтау керектігін керемет айтады.

Дүниеге шектен тыс құмарлық, тәкаппарлық, ашкөздік, көреалмаушылық, қызғаншақтық, екіжүзділіктен арылудың, емделудің тәсілдерін жазған.

Бұл кітапты бір отырғанда бітіріп тастау жүрегіңе ауыр болады. Күн сайын бір беттен оқып тұрсаң, лайықты дозасын алғанмен тең
8.6K views09:31
Ochish/sharhlash
2023-05-07 13:31:43 Жүрек тыныштығы

https://t.me/kitapkz1
8.4K views10:31
Ochish/sharhlash
2023-05-07 13:30:00
Жүрек тыныштығын қалай табамыз?

Балқия Балтабай бұл туралы былай дейді:

“Ақылым тасығандықтан емес, жүріп өткен жолымда қателікті көп жібергендіктен кітап шығаруым керек деген ойға беки түстім. Қателік есті адамға сабақ болады.

Бұл кітапта жіберген қателіктерімнен қалай сабақ алғанымды жаздым. Қалай өзгергенімді, қалай рухани өсу жолына түскенімді баян еттім. Әр қателігін түзей алған адам әлі де қателік жібермегені. Мен соған сенем. Бәлкім, бұл кітапта сипатталатын жағдайлар оқырманның да өмірін, ойын өзгертуге септігін тигізер?!”
7.7K views10:30
Ochish/sharhlash
2023-05-07 11:29:41 Еркем, өмірің болсын көркем

https://t.me/kitapkz1
8.1K viewsedited  08:29
Ochish/sharhlash
2023-05-07 11:28:42
Мұхамеджан Тазабектің тамаша туындысы.

"Қыздың құндылығын құдайдың өзі көтеріп қойған", - дейді автор.

"Еркем, өмірің болсын көркем" кітабын оқырман назарына ұсынамыз
7.5K viewsedited  08:28
Ochish/sharhlash
2023-05-04 07:10:59 Менің қолымнан келеді

https://t.me/kitapkz1
11.0K viewsedited  04:10
Ochish/sharhlash
2023-05-04 07:09:57
Арнамыздан тамашалаңыздар
https://youtube.com/@keltatulasaiyq3351
19.7K viewsedited  04:09
Ochish/sharhlash
2023-04-29 22:13:18
Amanat мүшесі басқыншыларды қолдай ма? 

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынды деп жазды КазТАГ.

«Түркия тартымдырақ, Зеленский мырза! Ол жерде жыл бойы жылы», - деп жазды Башинская Facebook-тегі Deutsche Welle парақшасының астына.

Мақалада Зеленскийдің Қырымды Украинаға қайтаруды көздейтін қарсы шабуылды жоспарлап отырғаны айтылған.

Президент Yle арнасына берген сұхбатында Украинаның майдандағы жеңісі Батыстың қару-жарақ тасымалына байланысты екенін атап өткен.

Зеленский соған қарамастан соғыс ұзақ уақытқа, тіпті ондаған жылдарға созылуы мүмкін екенін ескерткен.

Сұхбатты тыңдап шыққан Башинская Украин президентін кекетіп, мұқатып өтіпті.

Желідегі жұрт Қазақстан азаматы бола тұра, оның басқа елдің президентін кемсіткеніне, одан бұрын басқыншыларға қолдау білдіргеніне наразы.

Депутат бауырлас Түркияға да тіл тигізгенін де байқамай қалса керек. Түрік елшілігі мұны елеусіз қалдырмасы анық.

Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша партия басшылығы Башинскаяның оғаш қылығынан хабардар. Алдағы күндері оған қатысты қатал шешім қабылданбақ.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз

https://t.me/dalainside
1.1K views19:13
Ochish/sharhlash
2023-04-27 09:37:58 Күдебаев бітті, Байбек басталды

Қашып кеткен "генерал" Күдебаевтың елге қайтарылуы әккі сарапшылардың езуіне күлкі ұялатқаны рас. Серік Күдебаев неге Солтүстік Кипр немесе Дубайға өтіп кетпеді? Жыл сұрағы осы болып тұр.

Күдебаев неге сенді? Түркиямен арада экстрадиция бойынша келісім бар екенін білмеді ме? Қазақстан "гүленшілердің" басым бөлігін Түркияға тапсырғаннан кейін, ресми Анкара да Астана запростарына өте жауапты қарайды. Генерал оны білмеуі мүмкін емес.

Осы құпияны тек Күдебаевтің өзі біледі. Уақыты келгенде айтар. Бірақ ол ұзаққа созылатыны анық. Себебі, "генерал" қашамын деп басына бәле тілеп алды. Енді әу баста 8 жыл болып тұрған болжамды жазасы 15 жылға ұзаруы тиіс.

Күдебаевтың ұсталуымен, Қайрат Боранбаевтың сотталуымен Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің мойнындағы тергеу тұзағы тартыла түсті. Боранбаевтың жер мәселесіне қатысты тергеуге берген ақпараты бар. Күдебаев та көп ақпарат бере алады.

@dalainside дереккөзі 2023 жылдың аяғына дейін Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалады деген пікірде. Басты айып - Алматы жерлерін олигархтарға үлестіру. Жерге қатысты махинациялар саны бойынша Байбек Храпуновтан кейін екінші орында тұр. 2015-2019 жылдары Алматы әкімі болған ол сол азғантай уақытта көп былық жасап үлгерген. Алматыдағы жер махинациясы бойынша үшінші орында Бәйбектен кейін әкім болған Бақытжан Сағынтаев келеді.


"Байбек кезеңі" демалыс аймақтары мен заңмен қорғалатын жерлерді мемлекет меншігінен шығарып, олигархтарға берумен ерекшеленді. Сол жылдары Есентай, Көктөбе сынды көптеген элиталық тұрғын үй кешендері пайда болды. Медеу, Бостандық, Наурызбай аудандарының құрылыс жоспарлары қайта-қайта түзетілді.

Байбек екі жарлық шығарған. Оның нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жерлері "Омирекс" пен "Атлас девелопмент" фирмаларына өтті. Ал ол фирмалардың негізін Динара Құлыбаева қалаған.

Одан бөлек, Медеу және Бостандық аудандарында 116 гектардан астам табиғи зоналар мен демалыс орындары коттедждер мен көппәтерлі үйлер салу үшін олигархтарға сатылып кетті.

Ол эпизодтарды дәлелдеу тергеуге еш қиындық тудырмайды. Басты қиындық - Байбекті Солтүстік Кипрден шығарып алу.

https://t.me/dalainside
943 views06:37
Ochish/sharhlash
2023-04-26 20:12:49 Харуки Мураками - Әңгімелер

https://t.me/kitapkz1
2.1K views17:12
Ochish/sharhlash