Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Kanal manzili: @kitapkz1
Toifalar: Adabiyot
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 33.25K
Kanalning ta’rifi

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Oxirgi xabar 22

2023-03-05 18:38:09
Әлихан Бөкейхан кім?

Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейхан қазақ үшін сондай тұлға.

Егер Ататүрік қандай болса, Әлиханда қазақтың сондай тұлғасы.

Егер Махатма Ганди Үндістан үшін қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай тұлға.

Мiне, осындай дүниенi халықтың рухани өмiрiнiң құрамдас бөлiгiне айналдыруға келген кезде қазiргi ұрпақтың бұған интеллектуалдық деңгейi жетпей жатқанын мойындауымыз керек.

Алаш деген сөз - ұлт-азаттық қозғалысы және идеясы деген сөз. Яғни, бұл тар топтың әрекетi, тiршiлiгi емес, бұл - жалпыұлттық қозғалыс.

Кез-келген саяси қозғалыстың алдына қоятын бiрiншi мақсаты - мемлекеттiң тәуелсiздiгi, дербестiгi. Сол мемлекеттiк тәуелсiздiк пен құрылым арқылы жердi сақтау, жер арқылы елдiң тәуелсiздiгiн, болашағын сақтау. Сондықтан, Алаш идеясы - мәңгi идея

Мәмбет Қойгелдиев, академик

https://t.me/kitapkz1
2.7K viewsedited  15:38
Ochish/sharhlash
2023-03-03 20:50:51
Алексей Арестович:

Менің әкем жоғары лауазымды офицер болды. Мен одан «соғыс кезінде қандай ұлттар ерекше батылдық танытты?» деп сұрайтын едім.

Ол сол кезде «қазақтар әскери салада ең мықтылардың бірі» дейтін. Яғни адам әлеуеті, ұлттық мінез жағынан қазақ армиясының деңгейі өте жоғары. Бірақ бұл жерде техникалық мәселе бар. «Волоколамское шоссе» кітабын бәріміз білеміз.

Мәскеуге қауіп төнген кезде әйгілі Бауыржан Момышұлының ерлігі қаншалықты хрестоматиялық деңгейге жеткенін білеміз.

Екінші дүнижүзілік соғысты, қызыл әскерді білетіндердің бәрі бұл тұлға қолбасшылықтың феноменалды деңгейін көрсеткенін жақсы біледі.

Бұл қазақтардың әскерилер ретінде қаншалықты мықты екенін көрсетеді», - дейді ол

https://t.me/kitapkz1
467 views17:50
Ochish/sharhlash
2023-03-03 19:33:14Компьютер басты ұрпақтан қорқудың керегі жоқ

Түсінгеніміз, бүгінгі буынды ІТ саласына баулу керек екен! Компьютер басты ұрпақтан қорқудың керегі жоқ.

Интеллектуал, технократ ұрпақ тәрбиелеу үшін ескі түсініктерден бас тарту керекпіз. Қазақ қашанғы той тойлап, шашу шашып жүреді. Әнші-әртістен аяқ алып жүре алмайсыз. Бесіктен белі шықпаған балаға дейін Қайрат Нұртасқа ұқсағысы келеді. Бұл өте қауіпті тенденция.

Huawei компаниясы талантты жастарды қолдауға 150 миллион доллар бөліпті! Қазақтың қалталы азаматтары мен ықпалды компаниялары неліктен мұндай мәрттікке бармайды екен?...

Huawei-дің "Seeds for the Future" бағдарламасы 150-ден астам елде 2,2 миллиондай талантты жастардың өсуіне жол ашқан.

Компанияның коммуникациялық технология академиялары жыл сайын 200 мыңға жуық студентті оқытып жатыр. Бұл байқауға сіз де қатыса аласыз
922 views16:33
Ochish/sharhlash
2023-03-03 17:39:26 Перуашев: Бізде байлар және кедейлер бар! Орта таптың орны ойсырап тұр...

"Ақжолдықтар" осы алшақтықты жойып, middle class-тың қалыптасуына күш салмақ.

Ақтөбе облысы, Қобда ауданында жүрген "Ақ жол" демпартиясының төрағасы Азат Перуашев жергілікті тұрғындармен жүздесуде Жаңа Қазақстанға салмақ сала сөйледі.

"Саяси жүйеге түбегейлі өзгеріс қажет. Бұл өзгерістер елдің әл-ауқатын арттыруға тиіс.

"Ақ жолдың" миссиясы – әрбір азаматтың еркін дамуына жағдай жасау, оның құқығы мен бостандығын құрметтеуге, халықтың тұрмыс деңгейі мен өмір сапасын көтеруге бағытталған. Біздің партия Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуі үшін қызмет етеді, – деді Перуашев.

Партияның белді мүшесі Қазыбек Иса "Ақ жолдың" Алаш қозғалысының ізбасары екенін, қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды, өркениеттің озық жетістіктерімен ұлттық мүдделерді тоғыстыруды мақсат еткенін атап өтті.

Басқосуда партия атынан саяси додаға түсіп жатқан кандидаттар "Ақ жол" партиясының саяси бағдарламасын таныстырып, Мәжілісте атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Бағдарламаның негізгі " қағидатын" атаған ақжолдықтар жемқорлықпен күрес, әлеуметтік әділеттілік, ауылды ипотекалық несиелендіру, ауыл жастарын қолдау және медициналық сақтандыру бойынша жиналғандардың сауалдарына жауап берді.

Бұдан кейін Ақтөбе қаласына ат басын бұрып, осында орналасқан "Атамекен" кәсіпкерлерімен кездесті. Перуашев жиында кәсіпкерлерді толғандырған мәселелерді көтерді.

"Ақ жол" – кәсіпкерлер мен отандық өндірушілердің өкілі. Біз бизнестің мүддесін қорғау үшін жұмыс істейміз.

Бүгінде елдің ең үлкен мәселесі – бай мен кедей арасындағы алшақтық. Бұл мәселені толыққанды орта тапты қалыптастыру арқылы шешуге болады.

Жаңа Қазақстанда бизнестің жұмысына кедергі келтірілмеуі керек. Мақсатымыз – сіздер сияқты өз ісін дамытып, отбасын асырап, жұмыс орындарының ашылуына үлес қосып жүрген азаматтарымызға қолдау көрсету, – деді Азат Перуашев.

Жиынға қатысқан қауым "Ақжолдың" саяси бағдарламасын қолдап, бизнеске қолайлы орта жасауға және әділ салық төлеуге ықпал ететін жаңа заң әзірлеуде ШОБ мүддесін ілгерілетіп отырғаны үшін "Ақ жол" демпартиясына алғыс айтты.

Партия мүшелері Ақтөбе халқын, 19 наурызда "Ақ жол" демпартиясын қолдау үшін сайлау учаскелеріне келуге шақырды.

#әріптестікнегізде

https://t.me/dalainside
1.3K views14:39
Ochish/sharhlash
2023-03-03 16:29:42
Танымал PR-шы: 2000-2010 жылы өмірге келген буын қазақ тілін төрге шығарады!

Журналист, танымал коммуникация маманы Айбар Олжай (суретте) қазақ тілінің қазіргі деңгейі мен ертеңгі барар жолын ашық айтты.

Қоғамдық қызмет көрсету орындарына қойылып отырған мемлекеттік тілде қызмет көрсету бойынша талап өзге тілдерді кемсіту болып табылмайды. Олай келтіру - манипуляция. Себебі ол заң талабы, жаңарған Тілдер туралы Заңда анық көрсетілген.

БҰҰ классификациясы бойынша қазақ тілі қауіпсіз тілдер қатарына енді. Демек, оған қауіп төніп тұрған жоқ. Ол тілде сөйлейтін адамдар саны 10 млн адамнан асады.

Қазақ ұлты (мен қазақ атынан ғана сөйлей аламын) басқа ұлттардың мазасын алмай, өзі тыныш қана қазақ және ағылшын тілдеріне көшіп кетуі керек. Болашақта қазақ балалары үшін ағылшын тілі орыс тілінің орнын басады. Әлемге есікті орыс тілі аша алмайды, тек ағылшын тілінің құдіреті ғана жетеді. Сондықтан қазақ мектептерінде тез арада орыс тілі пәнінің есебінен ағылшын тілі сағаттарын көбейту керек.

Тіл патрулін жасау, шу шығару, хайп қуу ақымақтық және зайырлы құқықтық мемлекетке мүлде жат қылықтар. Ол керісінше қазақ тіліне үлкен зиян тигізеді.

Біз қазақ ұлтының тарихындағы ең мықты буын - 2000-2010 жылғы жастардың прогрессивті ойлауын, білімін, тілі мен жерін керемет сүйетінін көріп отырмыз. Осы буын қазақ тілін ерекше дамытып, 2040 жылдары мемлекет төріне отырғызатын болады. 2000-2010 жылы туғандар - қазақтың мандайына біткен "алтын буын"!

Қолдасаңыз басыңыз!

https://t.me/kitapkz1
1.5K viewsedited  13:29
Ochish/sharhlash
2023-03-03 15:15:17 Жаңа Қазақстан Назарбаевты тағы бір құзіреттен айырады

Экс-президент жетекшілік ететін "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңес таяу арада тарап тынады.

Кеңес қордың бәсекелік иммунитетін көтеретін әрі дамудың тың әдістерін ұсынатын жұмыспен айналысқан.
Самұрық басшылығы "Кеңес қордың құрылымына кірмеген еді. Назарбаев бастаған қор мүшелері ақыл айтқаны үшін ақы алған жоқ", – дейді.

Ұлттық экономика министрлігі Кеңесті қысқартып тастау үшін қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізгелі отыр.

Айта кетелік, қорды ұзақ уақыт бойы Назарбаевтың ет жақыны Ахметжан Есімов басқарған болатын. Тоқаев оның тұсындағы "Самұрықты" талай мәрте сын садағына алып, мемхолдингілерден халыққа қайыр болмай тұрғанын айтқан.

“2007-2018 жылдар аралығында мемхолдингілерге 7 трлн теңге бөлінді. Бұл үлкен ақша. Ел оның өтеуін көрді ме? Есеп комитеті бұларды тексере келе біраз шикілік тапты. Мемхолдингілердің жұмыс алгоритмі бір-біріне ұқсас, штат саны ұзынсонар.
Бір ғана “Бәйтеректің” әкімшілік шығыны 54 млрд теңгені құраған, оның 24 млрд-ы жалақыға жұмсалған”– деген-тұғын Тоқаев Қаңтардың алдында.

Бұған бұлқан-талқан болған Есімов экс-президенттің алдына барған.

“2019 жылы қордың таза табысы 1 трлн 256 млрд-ты құрады. 922 млрд теңге көлемінде операциялық табыс таптық. Бұл белгіленген жоспардан 38 пайызға артық. Сіз берген тапсырманы асыра орындадық”, – деп есеп берген еді Ахметжан мырза.

Алайда сол жылғы табыстан ел бюджетіне тек 190 млрд теңге аударғанын айтпай кеткен.

Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз

https://t.me/dalainside
1.5K views12:15
Ochish/sharhlash
2023-03-03 14:49:13 Мұқағали Мақатаев
ӨМІР ӨЗЕН

https://t.me/kitapkz1
1.5K viewsedited  11:49
Ochish/sharhlash
2023-03-03 14:48:09
Өмір-өзен! Аты аңызға айналған Мұқағалидің көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы.

Ақынның бұл кітабына оның бұрынғы кітаптарына кірмеген және өмірінің соңғы кезінде жазған жаңа өлеңдері мен толғаулары енген
1.5K views11:48
Ochish/sharhlash
2023-03-03 13:48:00
Қызылордадан кім бар? "Amanat" мүшелері Сыр өңіріндегі футбол фанаттарымен кездесті

"Аманаттықтар" Мұратбаев атындағы стадионда спортсүйер қауыммен кездесу өткізді.

Оған 400-ден астам адам жиналды. Олардың арасында «Қайсар» футбол клубының жанкүйерлері мен ойыншылары да болды.

Штаб мүшелері спортшыларға партияның кәсіби және бұқаралық спортты дамытудағы, салауатты өмір салтын насихаттаудағы басымдықтары туралы айтты.

«Арт-Спорт» бағдарламасы аясында әр бала спорт секциясына, шығармашылық студияға немесе техникалық үйірмеге тегін қатыса алады. Сондай-ақ, барлық мектепте спорт инфрақұрылымы жаңартылып, ауылдарда спорт ғимараттары салынады.

Алдағы 5 жылда Қызылорда облысындағы ауылдық елді мекендерде 12 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.

Айта кетерлігі, "Amanat" үгіт-насихат аясында теңбіл доп жанкүйерлерімен жүздескен алғашқы партия

#әріптестікнегізде
1.7K views10:48
Ochish/sharhlash
2023-03-03 13:40:34 Айнұр Тұрсынбаева
ТҮПСАНА(психология)

https://t.me/kitapkz1
1.6K viewsedited  10:40
Ochish/sharhlash