Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Kanal manzili: @kitapkz1
Toifalar: Adabiyot
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 33.25K
Kanalning ta’rifi

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Oxirgi xabar 5

2023-06-21 06:50:13 Қастандық

https://t.me/kitapkz1
7.3K viewsedited  03:50
Ochish/sharhlash
2023-06-21 06:48:27
Арна оқырмандарының назарына өмірдің өзінен алынған сүбелі шығармасы «Қастандық» повесін ұсынамыз
6.7K views03:48
Ochish/sharhlash
2023-06-20 14:46:09
Алла Тағала азды-көпті дәулет бұйыртыпты. Жар құштырып, бала сүйдіртіпті. Елге еге болар, ақыл айтып, жөн сілтейтін сана беріпті. Бәрін берген Жаратушыға қай қылығыммен жағам? Дені саудың бәрі оқитын бес уақыт намазыммен бе? Әлде тоқтықта ұстаған оразаммен бе? Ауыл үйден шықпай, бала-шаға, мал-жанның қасынан ұзамай омалып отыра берсем, менің кім болғаным? Тәуба, дәулетім бар. «Қажетің жетсе, қажыға бар» деген атам қазақ. Қажетім жетеді екен. Жетпейтіні тәуекел еді, оған да бел будым. Бойға қонақ шыбын жан шығып кеткенше, бес парызымды толық өтей алсам, Жаратушыдан одан артық не сұрайын?

Ырысбек Дәбей «Жылқы атылған жаз»

https://t.me/kitapkz1
6.9K views11:46
Ochish/sharhlash
2023-06-20 14:19:26
Абайдың неменесі аула сыпырушы болып жұмыс істейді...

Талғар тауларын баурайлап келе жатқанбыз. Дархан дейтін кәсіпкер інім кенеттен "Абай атамыздың Айдос дейтін ұрпағынан хабарыңыз бар ма?" дегені…

Кезінде Данияр есімді шөпшегінің сұхбатын оқығанмын, Айдос деген ұрпағынан хабарым жоқ екен. Ойланып қалдым. Сосын "Абай Құнанбайұлының Ақылбаев Айдос деген тікелей ұрпағы бар, осы Алматыда тұрады…" деді.

"Мүмкін болса барып сәлем берсек қалай болар екен?.." дедім. Телефонына хабарласып еді, жұмыс орнында екен. Рұқсат сұрадық. Қарсы болмады. Бардық. Жұпынылау киінген дембелше кісі аулаға шықты. Кеңірек таныстық. Әңгімелестік. Қазақшаға шорқақтау екен. Болмысынан тектілік, зиялылық аңқып тұр. Көзінің оты бар. Ұлы бабасына келбеті де келетіндей. Бойын жаман әдеттерден мүлде аулақ ұстайтынын айтты.

"Абай атамның тұқымы екенімді көп адамға айтпаймын, мына мейрамханадағылар да білмейді..." - деді Айдос ағамыз.

Алматының "Арбатындағы" мейрамханалардың бірінде аула сыпырушы боп жұмыс істейді екен. Еңбекақысы - 150 мың теңге. Осыны естігенде жанымыз жүдеп, көңіліміз алай-дүлей болып кетті…

1967 жылы Алматы қаласында дүниеге келіпті. Украинаның әйгілі Кривой рог қаласындағы Авиациялық училищеде оқыған екен. Оқу бітіргенде кеңес одағы күйреген, сосын бұйырған жұмыспен айналысыпты. Жалғыз қызы - Александра осы күні Саратов қаласының тұрады.

Шежіре бойынша: Абай – Ақылбай – Әлімқұл – Бағфұр – Эрнест – Айдос.

Яғни, Айдос ағамыз - Абай атамыздың неменесі болады.

P.S. Айдос ағамыздың жұмысы сағат 16.00-де аяқталады екен. "Үйіңізге дейін шығарып салайық" деп едік, қарсы болмады. Аз уақыт күттік. Шағындау дорбасын көтеріп шықты. Тиісті мекен-жайға алып келдік. Бес қабатты үйдің бесінші қабатында бір бөлмелі үйде зайыбымен тұратынын айтты...

Ұлы Абайдың соңғы тұяғы ғой. Данияр деген немере бауыры барын айтты, көп жылдардан бері байланыстары жоқ секілді. Еркек атаулыдан қалған осы екеуі ғана екен.

Ұлы бабамыздың ұрпағы осындай тауқыметте жүргені ұлттығымызға, елдігімізге сын емес пе?!. Ойланайық!

Жанарбек Әшімжан
6.2K views11:19
Ochish/sharhlash
2023-05-18 12:21:30
ӘЛЕМДІ ЖЫЛАТҚАН КІТАП

Николас Спаркстың ең танымал шығармасы – «Күнделік».

Кітаптағы 5 әсерлі ойды ұсынамыз:

1. «Мені, бәлкім, қияли я ақымақ дерсіз, бірақ мен бұл өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екеніне бәс тігемін».

2. «Наныңды адал тап, дұрыс жұмыс істемеген адам айлықты ұрлап алған адаммен бірдей».

3. «Поэзия бірдеңені түсіндіру үшін жазылмайды. Оның миссиясы – адамның жан дүниесін қозғау».

4. «Біреулермен ақтарылып әңгіме айтқан, не болмаса күннің батқанын қызықтап, самал желдің өтінде тұрған күндерді бос кеткен күн деуге болмайды».

5. «Кез келген адамның бойындағы ең асылы: махаббат пен поэзия, достар мен балалар, әдемілік пен табиғат».

Автор: Шыңғыс Мұқан

Кітапты Kaspi магазиннен сатып алуға болады kaspi.kz

https://t.me/kitapkz1
4.3K viewsedited  09:21
Ochish/sharhlash
2023-05-13 11:50:17 Олар он еді

https://t.me/kitapkz1
5.3K viewsedited  08:50
Ochish/sharhlash
2023-05-13 11:49:26
Әйгілі жазушы Агата Кристидiң "Олар он еді" атты детектив жанрындағы романы 100 млн таралыммен шығып, өзге шығармаларына қарағанда ең көп сатылған кiтап болды.

Ә дегеннен-ақ оқырманды қызықтырып, елiтiп әкететін шығарманың сюжеті бір-бiрiмен шиеленісе түсiп, соңына дейiн сырын ашпайды...
5.3K views08:49
Ochish/sharhlash
2023-05-13 08:26:57
Алматы мен Шымкентте осы демалысты қалай қызықты және тегін өткізуге болады?

Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!

Алматыда сізді көрмелер мен жәрмеңке, ал Шымкентте футбол матчы күтіп тұр. Осының барлығы тегін және уақыттары мен өтетін орны сізге де қолайлы.

Сілтеме төменде
https://t.me/uidezhatpa
5.2K viewsedited  05:26
Ochish/sharhlash
2023-05-09 16:03:09 КІТАП ОҚЫП, АЙФОН 12  ҰТЫП АЛ!

Кітап оқу арқылы, сыйлықтар жеңіп алыңыз!

Кітап оқу сайысының шарттары:
1. Төменде берілген көк сілтемені басып, 14 беттік кітапты алып, толық оқып шығу;
2. Мамырдың 11-і сол 14 беттік шығармадан құралған 15 сұрақ тестті белгілеу;
3. Кім дұрыс әрі бұрын жауап береді сол оқырман келесі кезеңге өтеді; 

Жүлделермен таныс болыңыз:
1 орын –  Айфон 12
2 орын – 60 000 тг
3 орын – 50 000 тг
4 орын – 20 000 тг
5 орын – 15 000 тг
6 орын – 14 000 тг
7 орын – 13 000 тг
8 орын – 12 000 тг
9 орын – 11 000 тг
10 орын – 10 000 тг
11- 35 орын - 3500 тг
36-50 орын - 3000 тг
51-100 орын - 2000 тг

ЖАРЫСҚА ТІРКЕЛУ ҮШІН КӨК СІЛТЕМЕНІ БАС

https://wa.me/message/Y67CFPNDH4ASG1
9.1K views13:03
Ochish/sharhlash
2023-05-08 12:31:56 Жүректің сырлары

https://t.me/kitapkz1
8.9K viewsedited  09:31
Ochish/sharhlash