Get Mystery Box with random crypto!

Qyzmet - Хадж, Умра

Telegram kanalining logotibi qyzmetsayahat — Qyzmet - Хадж, Умра Q
Telegram kanalining logotibi qyzmetsayahat — Qyzmet - Хадж, Умра
Kanal manzili: @qyzmetsayahat
Toifalar: Din
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 539
Kanalning ta’rifi

Маңызды сапарда сенім мен комфорт сыйлау

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Oxirgi xabar

2023-03-07 20:20:11 Егер Нұрлы Мадина қаласынан елге қайтуға ниеттенсең, екі ракағат намаз оқып, дұға жасау арқылы Пайғамбар мешітімен қоштасуың - мұстахап амал. Кейін Алла елшісі және Әбу Бәкір мен Омарға сәлем бересің. Өзіңе, ата-анаңа, отбасыңа және барлық бауырларыңа дұға жасайсың. Пайғамбармен қоштасып жатқаныңа қайғырып,жылап тұрған көрініс танытасың. Алла Тағаладан қасиетті мекенге қайта оралуыңды сұрап, сапар шегесің.

Қажылық және ұмра, Нур әд-дин ‘Итр
125 views17:20
Ochish/sharhlash
2023-03-06 10:38:21
Рамазанды кешірілген күйде бастауға бірден бір жол, күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі - Бараат түні. Бұл күні ораза тұту – мұстахаб.

• Бұл – Шағбан айының он бесінші түні. Алла Тағала бұл түні құлдарына мейіріммен қарайды, кешірім іздеушілерге кешірім береді, кешірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Бірақ жүрегінде ашу-ызасы бар кісілерді мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да [1]

• Онда адам балаларының осы жылда туылатыны және осы жылы дүниеден өтетіндері жазылады. Онда олардың амалдары (Алланың құзырына) көтеріліп, ризықтары (пенделеріне) түседі (белгіленеді) [2]

• Бес түнді ұйықтамай құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде жәннатқа кіреді. Олар – Тәруия, Арапа, Құрбан айт, Ораза айт және Шағбанның он бесінші түндері [3]

Бүгінгі Бараат түні баршамызға берекелі болсын

[1] - Бәйһақи
[2] - Мишкат әл-Мәсабих, 115
[3] - Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, 2/98
244 views07:38
Ochish/sharhlash
2023-03-03 09:31:42
351 views06:31
Ochish/sharhlash
2023-03-02 10:47:01
420 views07:47
Ochish/sharhlash
2023-02-28 14:26:46
Әне -міне дегенше Рамазан айы да келе жатыр… Сауабы мен қасиеті тоғысқан кешірім айында Умрада болу артықшылығымен бөліспекпіз:

1. Рамазан айында жасалған Умра Пайғамбарымызбен (с.а.с) бірге қажылық жасаған сауабындай сауап алады.

2. Қасиетті айда бір намазға жүз мың намаздың сауабы берілетін мекенде боласыз.

3. Қасиетті айда Пайғамбарға сәлем бересіз, кім Пайғамбарымызға (с.а.с) сәлем берсе шапағаты уажып болады.

4. «Кімде-кім Рамазан айында Меккеге жетіп, мүмкіндігінше ораза ұстаса және түнді құлшылықпен өткізсе, Алла оған Меккеден тыс жерде жүз мың Рамазан оразасының сауабын жазады, ал Алла оған күн сайын бір құл азат ету сауабын береді.

5. Қасиетті мекенде кешірім айының күндізін оразамен түнін құлшылықпен өткізіп итикаф жасай аласыз!

Раббымыз Қасиетті мекенде болуды баршамызға нәсіп етсін

#умра #қажылық #рамазан #рамазанумра
460 views11:26
Ochish/sharhlash
2023-02-24 07:39:27
524 views04:39
Ochish/sharhlash
2023-02-24 07:39:25
502 views04:39
Ochish/sharhlash
2023-02-22 16:01:44
490 views13:01
Ochish/sharhlash
2023-02-21 11:02:07
Бүгін шарапаты мол Шағбан айының алғашқы күні, сондай - ақ қасиетті Рамазан айына да санаулы уақыттар қалыпты тура 30 күн.
494 views08:02
Ochish/sharhlash
2023-02-17 15:08:20
МҮМІНДЕРГЕ КЕШІРІМ ЖАСАЛҒАН ТҮН!
Хижра күнтізбесі бойынша 17 ақпаннан 18 ақпанға қараған түн – Ережеп айындағы қасиетті Миғраж түні.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Раббым! Мені миғраж мұғжизасымен нығметтендірдің. Үмметіме де осындай бір нығмет сұраймын», – деп дұға жасағанда, Алла Тағала оны: «Намаз – мүміндердің миғражы», – деп қуантқан.

Кімде-кім осы түнді сауапқа толы өткізгісі келсе, шамасы жеткенше намаз оқысын, «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқып, мағынасына көңіл жүгіртсін. Сондай-ақ Алла Тағаладан өзіне және барша мұсылман мен ата-анасына, отбасы мен ағайын-туысына кешірім тілеп, дұға жасасын. Өйткені миғраж – Алла Тағаланың мүмін құлдарына кешірім жасаған түн.
719 views12:08
Ochish/sharhlash