Get Mystery Box with random crypto!

МҮМІНДЕРГЕ КЕШІРІМ ЖАСАЛҒАН ТҮН! Хижра күнтізбесі бойынша 17 | Qyzmet - Хадж, Умра

МҮМІНДЕРГЕ КЕШІРІМ ЖАСАЛҒАН ТҮН!
Хижра күнтізбесі бойынша 17 ақпаннан 18 ақпанға қараған түн – Ережеп айындағы қасиетті Миғраж түні.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Раббым! Мені миғраж мұғжизасымен нығметтендірдің. Үмметіме де осындай бір нығмет сұраймын», – деп дұға жасағанда, Алла Тағала оны: «Намаз – мүміндердің миғражы», – деп қуантқан.

Кімде-кім осы түнді сауапқа толы өткізгісі келсе, шамасы жеткенше намаз оқысын, «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқып, мағынасына көңіл жүгіртсін. Сондай-ақ Алла Тағаладан өзіне және барша мұсылман мен ата-анасына, отбасы мен ағайын-туысына кешірім тілеп, дұға жасасын. Өйткені миғраж – Алла Тағаланың мүмін құлдарына кешірім жасаған түн.