Get Mystery Box with random crypto!

Әне -міне дегенше Рамазан айы да келе жатыр… Сауабы мен қасиет | Qyzmet - Хадж, Умра

Әне -міне дегенше Рамазан айы да келе жатыр… Сауабы мен қасиеті тоғысқан кешірім айында Умрада болу артықшылығымен бөліспекпіз:

1. Рамазан айында жасалған Умра Пайғамбарымызбен (с.а.с) бірге қажылық жасаған сауабындай сауап алады.

2. Қасиетті айда бір намазға жүз мың намаздың сауабы берілетін мекенде боласыз.

3. Қасиетті айда Пайғамбарға сәлем бересіз, кім Пайғамбарымызға (с.а.с) сәлем берсе шапағаты уажып болады.

4. «Кімде-кім Рамазан айында Меккеге жетіп, мүмкіндігінше ораза ұстаса және түнді құлшылықпен өткізсе, Алла оған Меккеден тыс жерде жүз мың Рамазан оразасының сауабын жазады, ал Алла оған күн сайын бір құл азат ету сауабын береді.

5. Қасиетті мекенде кешірім айының күндізін оразамен түнін құлшылықпен өткізіп итикаф жасай аласыз!

Раббымыз Қасиетті мекенде болуды баршамызға нәсіп етсін

#умра #қажылық #рамазан #рамазанумра