Get Mystery Box with random crypto!

Рамазанды кешірілген күйде бастауға бірден бір жол, күнәлардан | Qyzmet - Хадж, Умра

Рамазанды кешірілген күйде бастауға бірден бір жол, күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі - Бараат түні. Бұл күні ораза тұту – мұстахаб.

• Бұл – Шағбан айының он бесінші түні. Алла Тағала бұл түні құлдарына мейіріммен қарайды, кешірім іздеушілерге кешірім береді, кешірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Бірақ жүрегінде ашу-ызасы бар кісілерді мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да [1]

• Онда адам балаларының осы жылда туылатыны және осы жылы дүниеден өтетіндері жазылады. Онда олардың амалдары (Алланың құзырына) көтеріліп, ризықтары (пенделеріне) түседі (белгіленеді) [2]

• Бес түнді ұйықтамай құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде жәннатқа кіреді. Олар – Тәруия, Арапа, Құрбан айт, Ораза айт және Шағбанның он бесінші түндері [3]

Бүгінгі Бараат түні баршамызға берекелі болсын

[1] - Бәйһақи
[2] - Мишкат әл-Мәсабих, 115
[3] - Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, 2/98