Get Mystery Box with random crypto!

«Жазарман»

Telegram kanalining logotibi zhazarman — «Жазарман» Ж
Telegram kanalining logotibi zhazarman — «Жазарман»
Kanal manzili: @zhazarman
Toifalar: Telegram
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 485
Kanalning ta’rifi

Əр тіркелген оқырман досымдай қадірлі. Əр кеткен оқырман үзілген тамырымдай.

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Oxirgi xabar

2023-03-17 11:27:55 Жұмадамын. Имам сараң адамдар туралы айтып өтті. Сараң адам деген кезде ойыма бірден постты оқып, реакция білдірмей кететін оқырмандар есіме түсіп кетті... неге екен а?))))
136 views08:27
Ochish/sharhlash
2023-03-17 11:24:53 Бір сәт тоқта да, әлеуметтік желілердегі парақшалар, телеграмда оқитын каналдар, группа һәм қызығатын тақырыптарыңа зер салып қара.

Бұл сенің деңгейіңді, амал кітабыңдағы нәрселерді белгілеуі әбден мүмкін.

Кейін өзіңе сұрақ қой: Мен бұл деңгейім мен қалған өмірімде қандай істер істей аламын?

Əр бір тірі қалған күніміз бізге берілген мүмкіндік. Əр күнің жазылып жатқан тағдырың...
604 views08:24
Ochish/sharhlash
2023-03-08 18:25:56 Адамзат ғапыл, дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі,
Тән кетіп, мал кетіп, жан кеткенде,
Енді ойлан, сол кезде болады не сенікі?

Абай
327 views15:25
Ochish/sharhlash
2023-03-04 02:19:11 Əлемді сұлулық пен əдемілік емес, махаббат құтқарады. Ал нағыз махаббатты бізге ислам үйретеді.

Оқытушы өз оқушысын сүйсе, өз баласын тәрбиелегендей оқытады. Оқушы мұғалімін сүйсе, оны ерекше құрмет етеді. Дәрігер науқасты жақсы көрсе оны шын жүректен емдейді. Науқас дәрігерді жақсы көрсе, оған мейірімді болып, тезірек емделуге талпынады. Ерлер әйелдерді жақсы көріп, құрметтеп, оларды өз анасы, әпкесі, қарындасындай көрсе, әйелдер де оларға дәл солай жауап қайтаруы сөзсіз...

Бұл шынжырды әр қырынан жалғастыруға болады...

Біз істеп жатқан ісімізді, айналамыздағы адамдарды шын жүректен сүйсек ғана әр қырдан дамимыз...

Намазды да парыз деп емес, сүйіп, ықылас пен оқыған, құранға тек сауап алу үшін емес, махаббат қойып оқу арасында үлкен айырмашылық бар...
120 views23:19
Ochish/sharhlash
2023-02-20 10:30:58 "Еркектер; әйелдерді басқарушы. Өйткені Алла, бірін-бірінен артық қылды" (ниса, 34)

Бұл аят еркектерді үлкен жауапкершілікке шақыру үшін, оны ұлықтау үшін емес. Әйтпесе, ерлер дейтін еді, еркектер емес.

Бұл сондай басқарушы, әйелді ханшайым етсін, құл сияқты емес. Ол сондай басқарушылық, әйелді ана қылсын, туу машинасы емес.
66 views07:30
Ochish/sharhlash
2023-02-19 09:27:47 Үйдің ішін он рет айналып таппай жүрген затыңды мамаң келіп сен он рет іздеп кеткен жеріңнен тауып беретіні қалай?)))
25 views06:27
Ochish/sharhlash
2023-02-18 20:17:52 Бүгін, бәлкім, бұл хабарды оқып отырған адамдардың бірінің соңғы күні болуы мүмкін, ықтимал, мен үшін соңғысы шығар... Бүгін, бұл жазбаны оқитын адамдардың бірі соңғы рет өз жақындарын көріп отқан болуы мүмкін, ықтимал ол өзім шығар...

Бұл күнге дейін жетерліктей діл ауырттық, зұлым жасадық, қиянат еттік... Өзімізге, армандарымызға, "сыддық" бола алмадық. Жетерлік мөлшерде күнә істедік, тіпті, асып та кетті. Раббымыздың хақысын зая кетірдік.

Бүгін, сен бұл жазбаны оқыдың, бүгін тәубе ету, Аллаға қайту, өзіңнен, жақындарыңнан кешірім сұрауға мүмкіндік бар демек. Бүгін, жақсы амалдарыңызды екі еселеп арттыру мүмкіндігі бар...
Таң атты, ал күннің батуына санаулы сағаттар қалды, жетіп барамызба? Белгісіз...
Асығыңыз...

#миғражтүніндегіжазба
106 views17:17
Ochish/sharhlash
2023-02-13 22:51:02 Кітап жазу процесі шыныменде қиын екен. Қазір басымнан өтіп жатыр. Өзі кішкентай ғана кітапханам бар еді, оны да сатып тындым. Негізі кітап оқып, оқыған кітаптарын жинап жүрген адам үшін кітаптарын сату қиын жағдай. Бірақ, өкінбеймін.

Қазір қоғамда түрлі бағытта жазылып жатқан  кітаптар көп. Даму, психология дегендерді енді айтпай-ақ қояйын. Бірақ бір бағытта еш қандай да бір кітап жоқ екен. Бар болса да, дәмін ғана татасың, ал оған қарның тоймайды. Ойлап қалдым, неге сол бағытта шағын бір кітап жазбасқа?

Ойландым да, сол кезде-ақ іске асыру үшін кірісе кеттім. Бастағаныма да міне екі ай болыпты. Алла сәтін салса, Рамазанға дейін кітапты жазып тәмамдауды жоспарлап отырмыз. Бірден айтайын кітап арзан болмайды. Жә, қымбат та болмайды...

Қандай кітап екен деп ішіңіз қызып кетті ме?))))

- иә, айтпаңыз
146 views19:51
Ochish/sharhlash
2023-02-10 09:00:08 Зілзәлә - бұл Алланың адамзатқа жіберген ескертушісі.

«Теңдессіз даму» деп жар салып жүрген адамзат әлсіз бір жаратылыс екенін, жаратқанның мейіріміне әр дайым мұқтаж екенін тағы бір сезінді.

"Басқарушысыз машиналар мен өзі ұшар самолёттар" аспан бұлтын сүйюге бір саты қалып тұрған зәулім ғимараттар деп жүргеніміз... Барлығы Алланың әмірі алдында бас иді...

Мұндай оқиғалар жайдан-жай, еш қандай хикметсіз және мағынасыз "Просто так" болуы мүмкін емес. Бұларды Ирада еткен зат, хикметті болып, оның істері даналықпен реттеледі.

Мен байқаған хикметтердің бірі адамзатты ескерту, жаратқан бар екенін ескерту деп білемін...

Қиямет күні залымдар Алладан жаһаннам отынан шығаруын сұрап жалбарынған да, ол Алла оларға былай дейді: "Үгіт алғысы көлген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді." Фатыр, 37.

Осы аятта айтылған ескертуші сөзі тым көп мағынаны беруі мүмкін. Яғни, пайғамбарлар, илаһи кітаптар, "Ескертуші" мағынасына ие болған кез-келген нәрсені ықтимал етуге болады.

Сондықтан, Алланың адамзат үстіне жіберген табиғи апаттарда да дәл осы сипат бар. Одан адам баласы Алланың, ақырет күнінің барлығын дайым есте сақтауы, өзінің амалдарына назар аударып, хайырлысын көбейтуі һәм жаман амалдарын тәрк етуі керек...

Бауырларымыз үшін дұғада болайық...
276 views06:00
Ochish/sharhlash
2023-02-08 20:30:52
"Қалай өмір сүрсең, солай өлесің" - хадис.

#түркия #сирия
289 views17:30
Ochish/sharhlash