Get Mystery Box with random crypto!

Кітап жазу процесі шыныменде қиын екен. Қазір басымнан өтіп жа | «Жазарман»

Кітап жазу процесі шыныменде қиын екен. Қазір басымнан өтіп жатыр. Өзі кішкентай ғана кітапханам бар еді, оны да сатып тындым. Негізі кітап оқып, оқыған кітаптарын жинап жүрген адам үшін кітаптарын сату қиын жағдай. Бірақ, өкінбеймін.

Қазір қоғамда түрлі бағытта жазылып жатқан  кітаптар көп. Даму, психология дегендерді енді айтпай-ақ қояйын. Бірақ бір бағытта еш қандай да бір кітап жоқ екен. Бар болса да, дәмін ғана татасың, ал оған қарның тоймайды. Ойлап қалдым, неге сол бағытта шағын бір кітап жазбасқа?

Ойландым да, сол кезде-ақ іске асыру үшін кірісе кеттім. Бастағаныма да міне екі ай болыпты. Алла сәтін салса, Рамазанға дейін кітапты жазып тәмамдауды жоспарлап отырмыз. Бірден айтайын кітап арзан болмайды. Жә, қымбат та болмайды...

Қандай кітап екен деп ішіңіз қызып кетті ме?))))

- иә, айтпаңыз