Get Mystery Box with random crypto!

«Жазарман»

Telegram kanalining logotibi zhazarman — «Жазарман» Ж
Telegram kanalining logotibi zhazarman — «Жазарман»
Kanal manzili: @zhazarman
Toifalar: Telegram
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 485
Kanalning ta’rifi

Əр тіркелген оқырман досымдай қадірлі. Əр кеткен оқырман үзілген тамырымдай.

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Oxirgi xabar 2

2023-02-08 12:16:49 Өмірдегі проблемалар сені адами құндылықтардан айырмасын.
54 views09:16
Ochish/sharhlash
2023-02-07 21:23:08 Өткенде бір таныс ағамның қызын өте тақуалы, әдепті, иман жүзді, бірақ сәл материалдық жағдайы қиындау бір жігіт сұрап келіпті. Қызын соған бола бермей қалыпты.

Одан кейін бай, жағдайы жақсы, бірақ өте пасық, өмірінде бір парызды орындап көрмеген бір жігіт келіп сұрапты, қызын.

Енді қызыңызды бермекшімісіз десем, "Беретін шығармын. Құдай тура жол нәсіп етіп қалар" - дейді. Еба, ойлашы, сонда тура жолды нәсіп ететін құдай ризық беруші да емес пе?
151 views18:23
Ochish/sharhlash
2023-01-29 17:40:20 Ғалымдардың өмірін оқысаң, өзіңнің кім екеніңді білесің.
140 views14:40
Ochish/sharhlash
2023-01-26 08:18:43 Біз неге Мұхаммед пайғамбарды ﷺ жақсы көреміз?

Алла елшісіненﷺ сахабалардың бірі Амр ибн Ас сұрады: "Уа Алланың елшісі, сіз үшін ең сүйікті адам кім?" Алла елшісіﷺ еш кідірмей: "Айша" деп жауап береді.

Амр ибн Ас Пайғамбарымыз үшін ең сүйікті адам мен болсам керек, деп ойлайтын еді. Себебі, олﷺ әр бір адамға сондай көркем мінезбен мәміле жасайтын, әр сөйлескен адам Пайғамбар үшін ең сүйікті адам мен болсам керек деп ойлайтын.

Амр ибн Ас үмітін үзбегендей сұрағын жалғастырып: "Еркектерден-ше?". Алла елшісіﷺ: "Айшаның әкесі" деп жауап береді.

Пайғамбарымыздыңﷺ осындай ерекше күшті махаббатына жетісе алған Айша анамыз айтады: "Бір күні Алла елшісінің қуанып тұрғанын көріп, ол кісіге айттым:" уа Алланың елшісі, маған дұға жасаңыз!". Алла елшісі өзіне ең сүйікті адамы үшін дұға жасап:"Уа Алла тағалам, Айшаның өткен және болашақтағы, ашық және жасырын күнәларын кешір!"

Айша анамыз бұл дұғадан соң ерекше бір қуанып, нұрлы жүзіне күлкі жүгірді. Қалай қуанбасын, себебі дұғасы кері қайтарылмайтын адам оны осылай дұға жасап тұрса. Олﷺ:"Алладан сұраған дұғам сені осыншалық бақытты етті ме?" Деді. Айша анамыз:"Иә" - деп жауап береді.

Сол кезде Алла елшісіﷺ: "Аллаға ант етемін, бұл дұға мен үмметім үшін әр намазда Алладан сұрайтын дұғам" дейді.

Міне, біз не үшін Алла елшісін жақсы көреміз.

Өзі үшін ең сүйікті адам болған жұбайына еткен дұғасын біз үмметі үшін әр намазда сұрайтын. Өз үмметін тіпті өз балаларынан да көбірек жақсы көрген адамға қалай махаббатымыз болмасын?
315 views05:18
Ochish/sharhlash
2023-01-06 16:39:51 Жүрек атты үйіңді таза ұста. Жарың келгенде ұялып қалма!
137 views13:39
Ochish/sharhlash
2023-01-02 21:24:22 Инстада отырмын. Сәл ақымақтау бір жігіт "Қазіргі қыздарға машина, үй, ақшаң болса болды, олардың арманы сол" деп өзі сияқты екі ақымақтау достарына айтып жатыр.

"Еейй, жігіттер-ау, кітап толы сөрені армандайтын қыздар да бар бұл өмірде...", Деп пікір жазып кеттім...))
109 views18:24
Ochish/sharhlash
2023-01-01 15:19:17 Өмір деген кітаптың 365 беттік бір томы жазылып таусылды. Мазмұнды, үлгі алар бір бет жаза алдық па, білмедім. Осы басталған 365 беттік кітабыңда Аллаға жақындаған, оның мейірімне бөленген, ата-анаңа, қоғамға, адамдарға пайдаң тиген беттері көп болып, үлгі аларлық кітап болуын тілеймін!
187 views12:19
Ochish/sharhlash
2022-12-30 23:09:48 Махаббат туралы айтылған сөздердің ішіндегі ең әдемісі құранның осы бір аятында керемет келтіріледі: "Ибраһим пайғамбар: "Әй әкетайым! Сені Алла жағынан азап қолға алып, шайтанға дос болып қалуыңнан қорқамын.”, деді. Мариям 45-аят.

Хақиқи махаббат сүйген кісіңнің тозаққа түсуінен жүрексініп, ол үшін қайғыруың. Ұмытпа, ақыреттегі жағдайыңа қайғырмайтын адам сені расымен де жақсы көреді дегенге үлкен бір күмән бар.
139 viewsedited  20:09
Ochish/sharhlash
2022-12-30 13:44:50 Егер адамға тағдырды таңдау құқығы берілсе, ол адам оған Алланың таңдаған тағдырын таңдар еді - Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)

Яғни, маңдайына жазылған тағдырының сырлары һәм пайдасы мен зияндары көрсетіліп таңдау құқығы берілгенде, Алланың қаншалықты мейірімді екенін көріп, оның таңдаған тағдырын таңдар еді.
149 views10:44
Ochish/sharhlash
2022-12-27 19:08:29 Нағыз бақыт - сенің кітаптарың мен менің кітаптарым бір сөреде тұруы.)

#һалалыма
210 views16:08
Ochish/sharhlash