Get Mystery Box with random crypto!

Əлемді сұлулық пен əдемілік емес, махаббат құтқарады. Ал нағыз | «Жазарман»

Əлемді сұлулық пен əдемілік емес, махаббат құтқарады. Ал нағыз махаббатты бізге ислам үйретеді.

Оқытушы өз оқушысын сүйсе, өз баласын тәрбиелегендей оқытады. Оқушы мұғалімін сүйсе, оны ерекше құрмет етеді. Дәрігер науқасты жақсы көрсе оны шын жүректен емдейді. Науқас дәрігерді жақсы көрсе, оған мейірімді болып, тезірек емделуге талпынады. Ерлер әйелдерді жақсы көріп, құрметтеп, оларды өз анасы, әпкесі, қарындасындай көрсе, әйелдер де оларға дәл солай жауап қайтаруы сөзсіз...

Бұл шынжырды әр қырынан жалғастыруға болады...

Біз істеп жатқан ісімізді, айналамыздағы адамдарды шын жүректен сүйсек ғана әр қырдан дамимыз...

Намазды да парыз деп емес, сүйіп, ықылас пен оқыған, құранға тек сауап алу үшін емес, махаббат қойып оқу арасында үлкен айырмашылық бар...