Get Mystery Box with random crypto!

Yerzhan Abdraman

Telegram kanalining logotibi yerzhanabdramanov — Yerzhan Abdraman Y
Telegram kanalining logotibi yerzhanabdramanov — Yerzhan Abdraman
Kanal manzili: @yerzhanabdramanov
Toifalar: Siyosat
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 344
Kanalning ta’rifi

Журналист. Висконсин-Мэдисон университетінің магистранты

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Oxirgi xabar 2

2022-09-26 06:58:00
Ресейден қашып келіп жатқан адамдарға қалай қарауымыз керек?
Anonymous Poll
7%
Бас сауғалап кеп отыр. Қашанғы қонақжай салтымызбен дұрыс қарсы алуымыз керек
93%
Бұлар әлі басымызға бәле болады. Мүлдем кіргізбеу керек
104 voters306 viewsY A, 03:58
Ochish/sharhlash
2022-09-22 08:16:52
Ресейлік телеграм-каналдар Қазақстанға қашудың оңай жолын үйретуде
489 viewsY A, edited  05:16
Ochish/sharhlash
2022-09-21 09:21:57
Путин бүгін Ресейде жартылай мобилизация басталатынын мәлімдеді. Яғни, запастағы әскерилер Украинамен соғысқа шақырылады.

Сонымен қатар Путин “Ресейдің тұтастығына қатер төнген жағдайда бар мүмкіндікті (ядролық қаруды - YA) қолданамыз. Бұл - блеф емес” деді
475 viewsY A, edited  06:21
Ochish/sharhlash
2022-09-11 07:05:21 Украинаның қарсы шабуылы, Ресей әскерінің бейберекет шегінуі

Украина үш күн ішінде Харьков облысындағы оккупацияланған территорияның жартысына жуығын босатты. Қарсы шабуылдың сәтті жүруінің бір себебі, Украинаның Херсон облысына шабуыл жасаймыз деген өтірік хабар таратып, Ресей әскери басшылығын алдап соғуы. Бұл туралы Guardian газеті өзінің эксклюзив мақаласында баяндайды.

Херсон облысына шабуылдан қауіптенген Ресей әскери бөлімдер мен техниканы дереу осы өңірге жөнелте бастаған және оның біразын Харьковтен жіберген. Украина керісінше Батыстан алдырған заманауи әскери техника мен қару-жарақтың көбін Харьковте шоғырландырған.

Осының және Харьковтегі Ресей әскерінің жайбарақаттығы нәтижесінде Украина әскері қарсылас шебін оңай бұзып, аз уақытта бірнеше селоны босатып, аймақтағы үлкен қала Балаклеяның іргесіне келді.

Ресейдің әскери блогерлері Балаклея қолға түсетін болды деп шулап жатқанда Украинаның әскер бөлімдері оны айналып өтіп, бірден Купянскіге жылжыды. Бірнеше дереккөз, оның ішінде тұрғындардың өзі Ресей әскерінің Балаклеяны тастап кеткенін хабарлады.

Купянск - теміржол торабына орналасқан стратегиялық маңызды қала. Оны алған соң Ресейдің шамамен он мың адамдық ірі әскери бөлімі шоғырланған оңтүстіктегі Изюм қаласына жол кесіледі. Қоршауға түсуден қауіптенген бұл бөлімдер дереуге қашуға мәжбүр болды.

«Шегіну де соғыс өнеріне жатады. Мысалы, біз шегінген кезде шабуылдаушы әскерді барынша көп шығынға ұшыратуға тырыстық» дейді Ресей әскерінің бейберекет қашуына таңданған украиналық әскери сарапшы Сергей Кузан.

Мұның алдында АҚШ өкіметіндегі дереккөздерге сүйенген бірнеше басылым қарсы шабуылды Украинаның америкалықтармен бірлесе жоспарлағанын айтқан болатын. Сонымен бірге сарапшылар Украинаға көмектің қандай түрі беріліп жатқанын АҚШ соңғы кездері ашық айта бастады дейді. Бұл енді бірақ басқа әңгіме.
692 viewsY A, edited  04:05
Ochish/sharhlash
2022-09-09 08:33:48
Бір мезгілде еліміздің бірнеше өңіріне өрт қайдан келді?
Final Results
18%
Өрт бізде ғана емес, бүкіл әлемде көбейді, бұл табиғи апат
27%
Сырттан әлдебір күштер жіберілген диверсанттардың ісі
21%
Биліктен шеттеген Назарбаев кланының салып отырған лаңы
34%
Сайлау алдында Тоқаевтың құтқарушы имиджін жасау мақсатында қазіргі билік өзі өртетіп жатыр
113 voters487 viewsY A, 05:33
Ochish/sharhlash