Get Mystery Box with random crypto!

һу-Ссунна” 2/114). 7) Қажет болғанда тамақтың дәмін тату Кер | ᴜᴍʀᴀ 2023

һу-Ссунна” 2/114).

7) Қажет болғанда тамақтың дәмін тату

Керек болып тұрса, ауызы берік адамға тамақтың дәмін тілімен татып немесе оны шайнап жіберуіне болады. Мысалы: одан басқа ешқандай жол таппаған, сәбиді тамақтандырып жатқан ана; ас әзірлегенде, оның дәмін татып көру; сатып аларда тағамның дәмін тексеру. Ибн Аббас былай деген: «Адамның уксусты немесе сатып алғысы келіп жатқан затының дәмін көруінде еш айып жоқ»
(Ибн Әби Шәйба 2/161. Иснад сахих).

Шейхул-Ислам ибн Тәймия айтқан: «Ораза тұтушының тамақтан қажетсіз дәм татуы қайтарылады (мәкруһ), бірақ оразаны бұзбайды. Бұл ауызды сумен шайқау тәрізді» (Мәджму’ул-фатәуа” 25/266).

Алайда, тілмен тексеріп көрген тамақты жұтуға болмайды!

8) Ауыз шайқау мен шомылу

Умар ибн әл-Хаттаб айтатын: «Бірде мен ораза тұтып жүргенімде, өзімнің әйелімді сүйдім. Содан соң, мен пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Мен қорқынышты нәрсе жасадым, мен ауызым берік бола тұра әйелімді сүйдім!» - деп айттым. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай сұрады: «Сен ораза кезінде, ауызыңды шаю туралы не ойлайсың?» Мен: «Бұның еш қорқыныштысы жоқ», - дедім. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда несіне уайымдайсың?» - деді» (Ахмад 1/21, Әбу Дәуд 2385, әд-Дәрими 1723. Шейх Ахмад Шәкир, шейх әл-Әлбәни, ‘Абдул-Қадир әл-Арнаут және Шу’айб әл-Арнаут хадистің сенімділігін растады).

Сондай-ақ, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының бірі жеткізген хадисте «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шыжыған ыстықтан сақтанып, басына су құятын», - деп айтылған (Мәлик өзінің “әл-Мууатта” кітабында 1/294, Әбу Дәуд 2365, Ахмад 4/63. Шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған).

Осы хадистерден байқайтынымыз, ораза кезінде күндізгі уақытта ыстықтың әсерін басу үшін ауызды шаюға немесе шомылуға рұқсат етіледі. Ораза кезінде ауыз шаю, дәрет алғанда болсын, одан тыс уақыттары болсын, рұқсат етлгенінде ешқандай келіспеушілік жоқ (Қараңыз: “Шархул-Кәбир” 3/44).

Алайда, дәрет алған кезде суды мұрынмен тартпаған жақсы, әйтпесе су тамаққа өтіп кетеді. Ләқит ибн Сабира айтқан: «Бірде мен пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, Аллаһтың елшісі, маған дәрет жайында айтып берші», - деп сұрадым. Ол былай деді: «Дәретті лайықты түрде ал, саусақ араларын және егер ораза тұтып жатқан болмасаң, мұрныңды жақсылап жу!»
(әш-Шәфи’и 1/30, Ахмад 4/33, Әбу Дәуд 142. Хадистің сенміділігін Ибн әл-Қатан, ән-Нәуауи, Ибн Хаджар мен әл-Әлбәни растаған).

Сондай-ақ, оразаны келесі нәрселер де бұзбайды:

9) Сүрмені қолдану

‘Аиша айтқандай, “Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сүрме қолданған”
(Ибн Мәджаһ 1678).

Ғалымдар арасында бұл хадистің сеніміділігі жөнінде келіспеушіліктер болған. Бірақ шейх әл-Әлбәни оны сахих деп есептеген. Ал кейбір имамдар Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сүрмені қолданған деген бір де бір сахих хадис жоқ деген.

Соған қарамастан, бұл хадистің мағынасы, яғни сүрмені қолдану оразаны бұзбайтыны дұрыс. Бұған қоса имам әт-Табарани 2/132 Барирадан, ал әл-Байһақи Ибн `Аббастан, олар ораза кезінде сүрмені қолданғандарын жеткізеді. Және Хафиз ибн Хаджар бұл хабарлардың иснадын хасан деп атаған (Қараңыз: “Талхисул-хабир” 2/366).

10) Тістерді емдеу және оларға пломба салу

Шайқау жабдықтары ретінде қолданылатын дәрілер, егер оны адам жұтпаса, оразаны бұзбайды. Егер адам тістерін пломбаласа, содан кейін бір татыған дәм сезетін болса, онда шейх Ибн Баз айтқандай, бұл оразаны бұзбайды.

11) Көз бен құлаққа дәрілер тамызу

Дұрысырақ пікір бойынша, клизмалар, көз бен құлаққа тамызылатын дәрілерді қабылдау, тіс жұлу мен жараларды емдеу оразаны бұзбайды (Қараңыз: «“Мәджму’ул-фатәуа” 25/233-245»).

12) Әйелдердің истихада қаны (ауыртатын қансырау)

Әйелдерде болатын ауыртатын қансырау (истихада) оның намазына да, оразасына да, басқа еш қандай құлшылыққа да әсер етпейді. Бұл қан нәжіс болып табылмайды, әрі етеккірі немесе туғаннан кейінгі қансырауы келген әйелдерге тыйым салынғанның барлығы истихадасы бар әйелге рұ