Get Mystery Box with random crypto!

берді» (әт-Тәбарани өзінің “әл-Кәбир” кітабында 20/133. Хафиз | ᴜᴍʀᴀ 2023

берді» (әт-Тәбарани өзінің “әл-Кәбир” кітабында 20/133. Хафиз Ибн Хаджар иснадын хасан деген).

Алайда, егер мисуәктің дәмі болса, мысалға: жасыл сиуәк, немесе лимон яки жалбыз дәмі бар сиуәктар, онда түкірікті жұтуға болмайды. Ал бұдан да жақсысы, мұндай сиуәкты ораза кезінде мүлдем қолданбау.

Егер тіс тазартқыш қолдану барысында, қызыл иектен қан шыға бастаса, онда оны жұтуға болмайды, оны түкіріп тастау қажет. Бірақтан, егер сонда да қанның кейбір бөлігі тамаққа кетіп қалса, онда бұның ешқандай айыбы жоқ
(Қараңыз: “Фатәуа әл-Ләджна әд-дәима” 10/254).

Ал енді Рамазан айында күндіз тіс пастасын қолдану жайында сөз қозғасақ, онда ғалымдар бұл мәселеде түрлі пікірлер білдірген, алайда қарама-қайшылықтан шығып және қатеден алыс болу үшін бұны жасамаған жақсы. Шейх Ибн Усәймин: «Күндіз тіс пастасын қолданбай, оны кешке қалдырған дұрыс, себебі оның қатты татыған дәмі бар», - деп айтқан (Қараңыз: “Мәджәлису шаһри Рамадан” 72).

5) Еріксіз құсу

Әбу Һурайра жеткізген хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер құсық еріксіз шыққан болса, онда оразаны өтеу міндетті емес. Ал егер ол әдейі шығарылса, онда оразаның қазасын өтеу керек» (Ахмад 2/498, Әбу Дәуд 2380. Имам ән-Нәуауи, шейхул-Ислам Ибн Тәймия және шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған).

Шейх Ибн Усәймин айтқандай, егер адам қазір құсамын деп сезетін болса, бірақ кейін тынышталса, онда бұл оразаны бұзбайды, өйткені бұған ол бақылау жасай алмайды. Алайда, егер құсық ауызға келіп қалса, ал адам оны қайтып жұтып жіберсе, онда бұл оразасын бұзады. Егер адам ішінде әлсіздік сезіп жатса, онда құсығын басып өз-өзін қинамау керек, әйтпесе бұл оның денсаулығына кері әсерін беруі мүмкін (Қараңыз: “Маджалису шахри Рамадан” 67).

6) Қан алу немесе қан жоғалту

Ораза кезінде қан алудың рұқсат етілгенінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар. Қан алу оразаны бұзады деп санайтын ғалымдар пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисіне сүйенген: «Қан алған және қан алдырған адам оразаларын бұзды»
(Ахмад 4/123, Әбу Дәуд 2369. Хадис сахих).

Ал басқа ғалымдар болса қан алу оразаны бұзбайды деп Ибн Аббас жеткізген келесі хадиске сүйенеді: «Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза тұтып жатқанында, қан алынған»
(әл-Бухари 1939).

Сондықтан, көптеген ғалымдар, қан алу оразаны бұзады деген хадистің күші жойылған деп есептеген. Сол ғалымдардан әш-Шафии, әл-Байһақи, Ибн Абдул-Барр, ән-Нәуәуи, әл-Әлбәни сияқты имамдарды ерекше атап өтсек болады.

Аталған қарама-қайшылыққа Сәбит әл-Бунәниден жеткен келесі хадис айқындық енгізеді. Ол Әнәстан: «Қан алу Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде қайтарылған ба еді?» - деп сұрайды. Сонда Әнәс оған былай жауап береді: «Жоқ, тек егер ол адамды әлсіретпесе ғана» (әл-Бухари 1940).

Тағы да, Әнәс айтқан: «Басында ораза тұтушыға қан алу қайтарылған еді. Әрі бір күні пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қан алғызып отырған Джафар ибн Әбу Толибтің жанынан өтіп бара жатқанда: «Бұл екуі оразаларын бұзды», - деп айтқан. Бірақ, кейінірек пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауызы берік адамға қан алуды рұқсат еткен», сондықтан Әнәс ораза уақытында қан алғызған еді (әд-Дарақутни 2/182. Хадистің сенімділігін имам әд-Дарақутни, әл-Байһақи және ән-Нәуауи).

Сондай-ақ, Абу Са`ид әл-Худриден: «Ораза тұтушыға қан алу рұқсат па?» - деп сұрағанда, ол: «Иә, бұның ешқандай проблеммасы жоқ», - деп жауап берді (Ибн Хузайма 3/235. Шейх әл-Әлбәни).

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып және барлық пікірлерді жинап, келесідей қорытынды шығарсақ болады:

Ораза уақытында қан алу тыйым салынбаған, әрі ол оразаны бұзбайды. Алайда, егер қан алу адамды әлсірететін болса, онда оны жасамаған жақсы. Бірақ егер, қан алу ауызы берік адамды аузын ашуға мәжбүрлейтін болса, онда ол тыйым салынады. Бұл туралы Имам әш-Шәукәни айтқан (“Нәйлюл-Әутар” 4/515).

Дәл осы, қан тапсыруға да қатысты, егер мұнда қажеттілік болса әрі бұл организмнің әлсіреуіне әкеліп соқпаса, онда бұл рұқсат етіледі. Ал керісінше жағдайда жоқ! (Қараңыз: “Сахих фиқ