Get Mystery Box with random crypto!

қсат (Қараңыз: “Сахих фиқһу-Ссунна” 1/216-217). 13) Шаң және | ᴜᴍʀᴀ 2023

қсат (Қараңыз: “Сахих фиқһу-Ссунна” 1/216-217).

13) Шаң және кездейсоқ ауызға түскен нәрселерді жұту

Шейз Ибн Баз былай деген: «Егер ораза тұтушы жараланса немесе мұрынынан қан ағып, содан қиналса, немесе су не бензин ауызына кездейсоқ, оның ерігінсіз кіріп кетсе, онда бұл оның оразасын бұзбайды» (Қараңыз: "Фатауа исләмия" 2/134).

Сол сияқты, егер шаң, түтін немесе шыбын кездейсоқ оның ауызына кіріп кетсе, бұл оразасын бұзбайды. Егер адам түкіріктің әжептәуір мөлшерін жинап, сосын оны жұтып жіберсе, ең күшті пікір бойынша ораза бұзылмайды (Қараңыз: “әл-Муғни” 3/106).

14) Тыйым салынған сөздер мен жүз аудару (қарау)

«Бес нәрсе ораза мен дәретті бұзады: өтірік, өсек, ғайбат, шаһуатпен жүз бұру (қарау) және жалған ант» (Қараңыз: “әс-Силсилә әд-да’ифа уәл-мауду’а” 1708).

Бұл хадис әлсіз!

Алайда, осы әлсіз хадисте аталғандар оразаны бұзбайытынына қарамастан, бұл нәрселер Исламда ауыр күнә болып табылады, оразаның сауабын кемітеді!

15) Астмактиктерге (демікпесі бар адамдарға) арналған оттек қапшықтары

Астма (демікпе) кезінде қолданылатын оттек қапшықтары оразаны бұзбайды, себебі өкпеге баратын қысылған (сығылған) газ – бұл тамақ емес, әрі оған деген мұқтаждық ылғи да бола береді, Рамазан айында да, одан басқа айларда да (Қараңыз: Сәб’уна масалә фи-ссыям” 36).