Get Mystery Box with random crypto!

ОРАЗАНЫ БҰЗБАЙТЫН АМАЛДАР: 1) Ұмытшақтықтан ішіп-жеу. Әбу Һу | ᴜᴍʀᴀ 2023

ОРАЗАНЫ БҰЗБАЙТЫН АМАЛДАР:

1) Ұмытшақтықтан ішіп-жеу.

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Ұмытшақтықтан бір нәрсе жеп не ішіп қойған адамның оразасы бұзылмайды, өйткені оны тамақтандырып, сусындатқан – Аллаһ»
(әл-Бухари 1933, Муслим 2/171).

Ғалымдардың көпшілігі осы хадиске сүйенген, имам Мәлик қана бұл жарлықтың тек қосымша (нәфил) оразаға қатысты деп есептеген. Алайда, оның пікірі қабыл етуге жарамсыз, себебі басқа хадисте сөз Рамазан айындағы оразаға туралы боп жатқаны анық айтылған. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: «Егер адам ұмытшақтықпен Рамазан айының ораза күнінде тамақтанған болса, онда ол бұл күнді толтыруға да, ақысын өтеуге де міндетті емес» (әл-Хаким 1/420, әд-Дарақутни 2/178. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, әл-Байхақи, хафиз әз-Зәһаби, имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Хаджар және шейх әл-Әлбәни растаған).

2) Құшықтасу мен сүйісу

Ораза кезінде күйеуіне де, әйеліне де бір-бірін құшықтап, аймалуына рұқсат. Айша былай айтатын: «Ораза кезінде, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жиі өз әйелдерін құшақтап, сүйген, алайда ол сендерден гөрі өзіне жақсырақ ие болған»
(әл-Бухари 1927, Муслим 1/65).

Сондай-ақ, Айшаның жиені Масруқ одан былай сұрағаны хабарланады: «Ораза уақытында күйеуі мен әйеліне не рұқсат етіледі?» Ол: «Жақындасудан басқасынын барлығы», - деп жауап берді
(‘Абдур-Раззақ 4/190. Хадистің сенімділігін хафиз Ибн Хаджар растаған. Қараңыз: “Фатхул-Бәри” 4/183).

Осы хадистерден түсінетініміз, ауызы берік адам, егер бұл жыныстық қатынаспен аяқталады деп қорықпаса, өз әйелдерін құшақтап, аймалауына рұқсат етіледі. Ал егер адам әлсіз болса, әрі өзін ұстай алмай қалатынын білсе, онда оған бұдан тыйылғаны жөн. Шариғатта маңызды бір қағида бар: «Харамға апаратын нәрсе де – харам!»

Сүйісу кезінде адамда мәзи (қою емес) сұйықтығы шығатын болса, онда оның оразасы бұзылмайды. Бұған, мәзи сұйықтығы оразаны бұзады деген дәлелдің жоқтығы дәлел болып табылады. Ораза – бұл құлшылық, ал белгілі бір құлшылықтың бұзылуын мәлімдеу үшін Құран мен Сүннеттен дәлел келтіру қажет
(Қараңыз: «Шархул-Мумти’» 6/397).

3) Бой дәреттің (ғусл) жоқтығы

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері Айша мен Умм Саләмадан жеткен хабарларда, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелімен өткізген түннен соң, таңды жүніп күйінде қарсы алған. Содан кейін, ол шомылып оразасын тұтқан (әл-Бухари 1925, Муслим 2/80).

Сондай-ақ, бірде Умм Саләмадан жүніп күйінде таңды қарсы алған еркек ораза тұту керек пе деп сұрағанда, ол: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) поллюциядан кейін емес, әйелімен өткізген түннен соң, таңды жүніп күйінде қарсы алды. Сосын ол ораза тұтып, оның қазасын өтемеген» (Муслим 2/80).

Осы хадистерден аңғаратынымыз, бой дәреттің болмауы (ғусл) адам оразасын бұзбайды, тіпті ол таң атқаннан кейін шомылса да.

4) Тіс тазартқыш (мисуак) қолдану

Ораза кезінде тіс тазартқышты қолданудың рұқсат екеніне пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабаларынан жеткен бірнеше хабар дәлел бола алады.
Амир ибн Рабиа былай айтқаны жеткізіледі: «Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза тұтып жүргенінде сансыз мәрте тістерін мисуәкпен (тіс тазалағышпен) тазалағанын көрдім»
(әт-Тирмизи 725, Әбу Дәуд 2364, Ибн Хузайма 2007).

Имам Әбу Иса әт-Тирмизи және Ибн Хузайма бұл хадисті хасан деп атаған, бірақ хафиз Ибн Хаджар мен шейх әл-Әлбәни оны әлсіз деген.

Алайда, бұл хадис Ибн Аббастан жеткен басқа бір хабармен бекітіледі: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауызы берік уақытында мисуәк қолданған»
(Ахмад ибн Мәни’. Иснады сахих. Қараңыз: “әл-Мәталибул-‘алия” 1089).

Тағы да бұл пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол туралы айтқандай, осы үмметтегі халал мен харам мәселелерін ең жетік білетін Муаз ибн Жәбалдың сөздерімен де расталады. Абдур-Рахман ибн Ғуним айтқан: «Мен Муаздан: «Оразада тістерімді тазалауыма бола ма?»,- деп сұрадым. Сонда ол: «Иә», - деп жауап