Get Mystery Box with random crypto!

РУХАНИ ОРТА

Telegram kanalining logotibi ruhaniortakz — РУХАНИ ОРТА Р
Telegram kanalining logotibi ruhaniortakz — РУХАНИ ОРТА
Kanal manzili: @ruhaniortakz
Toifalar: Din
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 1.34K
Kanalning ta’rifi

РУХАНИ ОРТА – мен бірге дамы!

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Oxirgi xabar

2023-01-10 09:05:48 «Егер сен Алла Тағаланың разылығын қаласаң, адамдар туралы ойыңды түзе!»

Имам Шафиғи(Алла оны рақымына бөлесін)
205 views06:05
Ochish/sharhlash
2023-01-10 08:14:04 «Кісінің жұмсақтығы ашу үстінде көрінеді»

Сахаба Әли ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын)

Бәһжатул Мәжәлис. 1/375
221 views05:14
Ochish/sharhlash
2023-01-10 08:12:57 «Расында, кісі дініне пайда тигізетін адаммен ғана бірге отыруы керек»

Әли ибн Хусейн ибн Әли (Алла оған разы болсын)

Тәһзибу әт-Тәһзиб. 3/196.
233 views05:12
Ochish/sharhlash
2023-01-10 08:12:21 «Құран оқитын адам қартайғанда алжымайды»

Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын)
217 views05:12
Ochish/sharhlash
2023-01-09 12:23:50 ۞ وَيَا قَوْمِ مَا لِي أَدْعُوكُمْ إِلَى النَّجَاةِ وَتَدْعُونَنِي إِلَى النَّارِ

«Уа, қауымым! Мен сендерді (тозақтан) құтылуға шақырсам, сендердің мені тозаққа шақырғандарың қалай?!»

(«Ғофир» сүресі, 41-аят)
286 views09:23
Ochish/sharhlash
2023-01-08 15:26:04 Қазақтарға ешқашан ештеңе жақпайды екен. Рухани ортаны құрғанымызға көп болған жоқ. Бірақ, бізді сынаушылар көбейіп кетті. Мен алғашқы кешті өткізген кезде, кейбір бауырларым маған сен шығындалып жатсың ғой, қайтесің ұйымдастырып осыны деген еді. Менің арманым бар, мақсатым бар биік. Қазақ жастарының рухани байланыстыратын орта қалыптастырғым келеді. Сондықтан, ешкімге құлақ асқан жоқпын. Алғашқы кештің өзінде-ақ қатысушылар риза болсыншы деп, өзіміздің қаражатымыздан шығындалдық. Өйткені, 130 адам сатып алған билеттен 1 миллион 300 мың тг түсті. Біз Ризық кафесін жалдап, арнайы шақыртылған қонақтар бар, ұйымдастырушылар бар барлығын қосқанда 150 адамға стол жайдық. 150 адамға құны 7000-12000 тг арасындағы келгені үшін сыйлық бердік. 3 умра қажылығын табыстадық. Кеш жүргізушісін жалдадық. Неге біз осылай ақталуымыз керек? Неге қолдамаймыз керісінше?

Біз концерттік бағдарламада тек қазақи әндер мен нашидтер шырқаттық. Кешімізді Құран оқумен бастадық. Ұстаздар сөйледі. Оларға да арнайы сыйлықтар табыстадық. Қай жерінен пайдакүнемдік және харам іс көріп тұрсыздар?
342 viewsedited  12:26
Ochish/sharhlash
2023-01-08 14:53:57 Діннен ақша жасап жатыр деп жала жапқандар, бетіме келіңдер! Бізбен бірге сыйлық барлық адамға алыңыздар бірге жүріп, ресторан жалдаңыздар, умра сатып алыңыздар. Сосын жала жабыңыздар. Біз өз қалтамыздан 150 мың шығарып көптеген шығындарды көтердік. Бар болғаны адамдар өтініш қылған РУХАНИ ОРТАНЫ құрдық. Жастардың басын қостық. Демеуші болмай, диванда құйрықтарыңды тыр-тыр қасып ойларыңа келгенді оттап, біздің еңбекті еш қылмаңдар. Және осыны көп айтатын еркектер. Бетіме келіңдер.
328 views11:53
Ochish/sharhlash
2023-01-07 23:44:26 АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ
ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ BASQOSU КЕШІ
200 БИЛЕТ САТЫЛЫМДА

К Е Ш Б А Р Ы С Ы Н Д А:

~ ТАНЫМАЛ СПИКЕРЛЕР МЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ КЕРЕМЕТ НАСИХАТЫН ТЫҢДАЙСЫЗ;
ЖАҢА ДОСТАР ТАБАСЫЗ!
РУХАНИ ДАМИТЫН ОРТАҒА ҚОСЫЛАСЫЗ;
МЕРЕКЕЛІК ҮЛКЕН ТОРТТАН ДӘМ ТАТАСЫЗ!
СУСЫНДАР МЕН ТІСКЕБАСАРЛАР БОЛАДЫ.
КОНЦЕРТТІК ІС–ШАРА ТАМАШАЛАЙСЫЗ;
ҚЫЗЫҚТЫ ОЙЫНДАР ОЙНАЙСЫЗ;
БАРЛЫҚ 200 АДАМҒА 200 СЫЙЛЫҚ
ЕҢ БАСТЫ СЫЙЛЫҚТАР:
20 ТҮРЛІ КІТАПТАН ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН МИНИ-КІТАПХАНА
РИЗЫҚ ХАЛАЛ КАФЕСІНДЕ ТЕГІН ТАМАҚ ІШУГЕ АРНАЛҒАН ТАЛОНДАР.
УМРА ҚАЖЫЛЫҒЫНА ЖОЛДАМА!
ЕСТЕЛІК СУРЕТКЕ ТҮСУ!
ЕҢ БАСТЫСЫ ҮЙІҢІЗГЕ РУХАНИ ДЕМАЛЫП, ДӘМ ТАТЫП, БАРЛЫҚ КЕШ ҚАТЫСУШАРЫ СЫЙЛЫҚТАРМЕН ҚАЙТАСЫЗДАР!
ОРЫНДАР САНЫ ШЕКТЕУЛІ!!!

БИЛЕТ ҚҰНЫ 10 мың тг

БИЛЕТ САТЫП АЛУ ҮШІН:
+7 778 648 5054 whats’app нөміріне жазыңыз!

Өтетін уақыты 22 қаңтар 2023 жыл, өтетін орны тек қатысушыларға ғана айтылады!
371 views20:44
Ochish/sharhlash
2023-01-06 09:51:26 Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қып бере ала ма?

Тұрсын Жұртбай "Күйесің, жүрек... Сүйесің!.."
423 views06:51
Ochish/sharhlash
2023-01-06 09:41:59 Бүгін тек жақсы сөз сөйлейік. Өзгелер туралы тек жақсы ойда болайықшы. Алдымыздан кім шықса да, жылы жүзбен қарсы алып, жақсы сөзбен шығарып салуға тырысайық. Себебі бүгін күндердің сұлтаны, қасиетті — Жұма күні. Сосын осы күнгі әрекетімізді 365 ке көбейтейік :)
439 views06:41
Ochish/sharhlash