Get Mystery Box with random crypto!

Қазақтарға ешқашан ештеңе жақпайды екен. Рухани ортаны құрғаны | РУХАНИ ОРТА

Қазақтарға ешқашан ештеңе жақпайды екен. Рухани ортаны құрғанымызға көп болған жоқ. Бірақ, бізді сынаушылар көбейіп кетті. Мен алғашқы кешті өткізген кезде, кейбір бауырларым маған сен шығындалып жатсың ғой, қайтесің ұйымдастырып осыны деген еді. Менің арманым бар, мақсатым бар биік. Қазақ жастарының рухани байланыстыратын орта қалыптастырғым келеді. Сондықтан, ешкімге құлақ асқан жоқпын. Алғашқы кештің өзінде-ақ қатысушылар риза болсыншы деп, өзіміздің қаражатымыздан шығындалдық. Өйткені, 130 адам сатып алған билеттен 1 миллион 300 мың тг түсті. Біз Ризық кафесін жалдап, арнайы шақыртылған қонақтар бар, ұйымдастырушылар бар барлығын қосқанда 150 адамға стол жайдық. 150 адамға құны 7000-12000 тг арасындағы келгені үшін сыйлық бердік. 3 умра қажылығын табыстадық. Кеш жүргізушісін жалдадық. Неге біз осылай ақталуымыз керек? Неге қолдамаймыз керісінше?

Біз концерттік бағдарламада тек қазақи әндер мен нашидтер шырқаттық. Кешімізді Құран оқумен бастадық. Ұстаздар сөйледі. Оларға да арнайы сыйлықтар табыстадық. Қай жерінен пайдакүнемдік және харам іс көріп тұрсыздар?