Get Mystery Box with random crypto!

Ішінде жүрмегенше біле алмаймыз Біз бір нәрсені бастамай тұры | Turar | Blog

Ішінде жүрмегенше біле алмаймыз

Біз бір нәрсені бастамай тұрып алдыннан болжағанды жақсы көреміз. Мысалы бұл істі бастасам бірнеше айдан соң менде мынадай өзгерістер болады, бұл істі қылып көрсем мынадай нәтижелерге ерісемін деген сияқты. Ал шынында болса кез келген істі бастамай тұрып ойлаған ойымызбен сол істі бастап, қылып жатқан кезіміздегі ойымыз мүлдем басқаша болады.

Өзімнен мысал: Жыл басында күнделікті спортпен айналысуды мақсат қылып қойып 66 күндік челлендж бастаған болсам, челленджді бастамай тұрған кездегі ойларым менен челлендждің ортасына келген кездегі спорт туралы ойларым, пікірлерім бір-бірінен айтарлықтай парық қылады. Челленджді бастамай тұрып спортпен айналысқан жақсы екенін білетінмін, бірақ амалда сынап көрген, денемде сезініп көрген бәрібір басқаша болды. Яғни спортпен айналысу жақсы екендігін біреулерден есітіп емес, өзім айналысып көріп білдім.

Кітап оқумен де солай болды. Алдындары кітап оқымай жүрген кездерім кітап оқыған жақсы деп айта салуды білетін едім(өзім оқымасам да). Ал қолыма алып оқып көргеннен кейін, ол жердегі персонаждардың басынан кешіргендерін оқып әсерленгеннен кейін, өзімде болып жатқан проблемалардың шешімін кітаптан тапқанннан кейін, шын мәнінде көзқарасым, пікірлеуім өзгергеннен кейін, кітап оқу жақсы екендігін біреуден есітіп емес, практикада өзім кітап сатып алып көріп, оқып көріп кітап оқу жақсы екендігін түсіндім.

Жалпы қорытынды шығарып айтатын болсам: кез келген істі бастамай, қылып көрмей тұрып одан алатын эмоцияларымызды, нәтижелерімізді, пайдамызды немесе зиянымызды біле алмаймыз. Айтажағым барлығы біз ойлағандай, шамалағандай бола бермейді. Оны білудің бір ғана жолы сол істі қылып көру, болғаны. Ал сол істі қылып көрмегенше не болатынын алдыннан анық айта алмаймыз.
Яғни сол істің, сол атмосфераның ішінде жүрмегенше біле алмаймыз.

P.S. Бастай алмай жүрген нәрсеңіз болса, бірақ бастасам олай болатын шығар, былай болатын шығар деп ойланып жүрсеңіз ондай ойларды жинастырың да тезірек сол нәрсені бастаң! Кітап оқып бастайжақсыз ба, тіл үйреніп бастайжақсыз ба, спортпен айналысып бастайжақсыз ба, ақша жинап бастайжақсыз ба, қандай іс болмасын бастаң. Осы жыл емес, осы ай емес, осы бүгін емес, дәл қазір бастаң.
Ең қиыны да сол бастап алу.

@turar_blog