Get Mystery Box with random crypto!

Осы жерде айта кетсем орынды болар. Осы телеграм каналыма жаз | Turar | Blog

Осы жерде айта кетсем орынды болар.

Осы телеграм каналыма жазатын "бір нәрсеге пікір білдіріп, талқылайтын посттарым" жайлы қалай ойлайсыздар?, бірден ойына келіп қалып жаза салады деп ойласаңыздар ма? Жоооқ.

Каналға әр күні пост жазбасам да менімен әр күні әртүрлі оқиғалар болады. Бірде сол оқиғадан қатты әсерленіп кетіп сол күні пост жазсам, бірде неше күн алдын болған оқиғалар жадыма түсіп миымда әртүрлі пікірлер туындайды.

Егер сол пікірлер жалғыз жүрген кезімде келіп қалса, сол пікірлер жайлы өз-өзіммен сөйлесіп пікірлесу арқылы шашылып жатқан пікірлерді жинақтап бір тақырыпқа тіземін. Сол тақырып бойынша өзіммен жақсылап сұхбат құрып, ол тақырып жайлы талқылап аламын.

Кейін барып сол кезде телефонды қолға алып пост жазатындай жағдайда болмағаным себеп телеграмдағы "избранное"ға жәй тақырыптың атын жазып тастап қоя саламын.

Кейіндеу арқайын болған кезде, арнайы уақыт ажыратып пост жазуға отырамын. Алдын өз-өзіммен сөйлескен кезімдегі пікірлер әсте-ақырын есіме келіп бастайды. Асықпай, қайсы сөзден қайсысын жазуды ойланып, кейін болса сөздерді грамматикалық қателерсіз жазуға кірісіп бастаймын. Болғасын тағы бір рет қайта оқып шығып, қателері болса түзеп, сосын барып каналға тастаймын.

Қанша тексерсем де бір жерінде қате шығып оны каналға тасталғаннан кейін дұрыстаймын. Соның үшін де дерлік барлық посттарымның төменінде "изменено" деген жазу тұрады. Қызығы бұл постпен де солай болды .