Get Mystery Box with random crypto!

Кейде ойыма келген пікірлерді текст қылып тізбектеп жазып отыр | Turar | Blog

Кейде ойыма келген пікірлерді текст қылып тізбектеп жазып отырмай видео арқылы айтқым келіп кетеді. Себебі мен үшін басқаларға қарағанда камерамен істесу, оған қарап өз пікірлерімді еркін айта алу қиын емес.

Видео арқылы қай тақырып жайлы айтпақшы болсам да әр түрлі монтаждар арқылы адамдарды өзіме және видеоны көруге қызықтыра алсам болады. Қай жерде қандай эмоциямен, интонациямен сөйлегеніме қарап та ішімдегілерді түсіндіру оңайырақ. Бірақ жәй камераға қарап сөйлей беру адамдарды жалықтырып жібереді. Жалықтырмау үшін болса профессионал видео блогерлер сияқты әр түрлі монтаждардан, субтитрлардан, музыкалардан, видео сапалы болу үшін болса жақсы камера, микрофон, әр түрлі жарытушы лампалар сияқтылардан пайдалануым керек болады.

Ал ол дәрежеде микрофон, жақсы камера, әр түрлі жарық лампалар, субтитрлар, жалпы өзім ойлағандай сапалы видео контент жасаудың да өзіне жараса қиыншылықтары бар болып, сапалы видео контент дайындау үшін жетерлі дәрежеде білімге және қаржыға ие болуым керек деп ойлаймын. Есесіне уақытымның көп бөлігін соларға жұмсауыма тура келіп қалады.

Ал Азиз Рахимовтың жазудың күші туралы мына бір постын есіме алып, видео арқылы оңай айта салудан тиылып, блогымды лажы барынша жазба түрде жүргізуде дауам ете беремін.