Get Mystery Box with random crypto!

АДАМДАРДЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫСЫ! ОЛАР КІМДЕР? Алла Елшісі ﷺ былай деген | 📚Пайдалы кітаптар

АДАМДАРДЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫСЫ! ОЛАР КІМДЕР?

Алла Елшісі ﷺ былай деген:
1. «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп және оны үйреткендерің» (Бұхари)
2. «Араларыңдағы ең жақсыларың – мінезі көркем болғандарың». (Бұхари)
3. «Сендердің ең жақсыларың - қарызды көркем түрде қайтарғандарың» (Бұхари)
4. «Сендердің ең жақсыларың - әйелдеріңе және қыздарыңа жақсы қарайтындарың». (Байхақи)
5. «Адамдардың ең жақсысы – өзгелерге пайдалы болғаны». (Табарани)
6. «Иманы кәміл мұсылмандар - ең көркем мінезділері, ал сендердің ең жақсыларың - әйелдеріңе жақсы болғандарың» (Тирмизи)
7. «Сендердің ең жақсыларың – мұқтажды тамақтандыратындарың әрі сәлем бергенде жауап беретіндерің» (Сахих әл-Жамиғ)
8. «Адамдардың ең жақсысы – көршілеріне ең қайырлы болғаны» (Тирмизи)
9. «Адамдардың ең жақсысы - ұзақ өмір сүріп, сол уақытын жақсылық жасауға арнағаны» (Сахих әл-Жамиғ)
10. «Сендердің ең жақсыларың - жүрегі таза болғандарың және өтірік айтпайтындарың» (Сахих әл-Жамиғ)