Get Mystery Box with random crypto!

ЕҢ ҚАЖЕТТІ ДҰҒАЛАР Ата-ана үшін жасалатын дұға «Раббым, Мен | 📚Пайдалы кітаптар

ЕҢ ҚАЖЕТТІ ДҰҒАЛАР

Ата-ана үшін жасалатын дұға

«Раббым, Мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім көрсет!"

Жоқшылықтан, ауру-сырқаудан сыйыну

Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

Жақсы мінез сұрау

Я, Алла! Мені өмірдің қиындығынан сақтай гөр. Мені ең жақсы істер мен жақсы мінезге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен айықтырғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды.

Ризық сұрау

Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.

Жақсылық сұрау

Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта жəне күнəларымды кешір!"

Алладан Өзін жақсы көретін жүрек, иман сұрау

Я, Алла! Өзіңді жақсы көруді және Сені жақсы көретінді жақсы көруді және Сенің жақсы көруіңе жақындататын әрбір амалды жақсы көруді маған нәсіп ет. Уа, Алла! Сенен мәселенің қайырлысын, жақсы дұға, жақсы нәтиже және жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет және таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер, намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі Жәннатты нəсіп ет!"

Береке сұрау

Я, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл ала гөрі!

Алланың разылығын сұрау

Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын.

Алладан көмек сұрау

Я, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың. Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр және маған қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал және тура жолды маған жеңіл қылғайсың.

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Раббысының пендеге ең жақын болатын уақыты түннің соңғы бөлігі (мұнда түннiң соңғы үштен бiр бөлігі туралы сөз болуда). Сол сәтте Алланы зікір етушілерден бола алсаң, солардан бол!», «Пенденің Раббысына ең жақын болатын уақыты сәждеге бас қойған кезі. Осы уақытта Аллаға көп дұға етіңіздер». Яғни, дұғаларды түннің соңғы бөлігінде және сәждеде жасауға тырысайық!

Алла Тағала қабыл болатын дұға нәсіп етсін!