Get Mystery Box with random crypto!

«Бұл қазақ ойлады: «Біз болған екенбіз, жетілген екенбіз, дүни | Дің жолы

«Бұл қазақ ойлады: «Біз болған екенбіз, жетілген екенбіз, дүние де бізде екен, әулиелік те бізде екен. Дүниеде не жақсылық – бәрі бізде екен» – деп. Дәнемені керек қылмайтын мұңсыз болды. «Дүниеде төрт түлік малдан асылды құдай жаратқан жоқ екен, қазақтан асыл жұртты жасаған жоқ екен де, Сарыарқадай жер қайда барсаң да жоқ екен! – деп. «Қыс болса, жылқының қазы-қартасындай тамақ қайда? Жаз болса, қымыздан артық шарап қайда?!» – деп шалқасынан түсіп жатты да қалды. Наданшылық пен ғапылдықты екі жағына екі қыз алып жатқан кісідей құшақтап қатты да қалды»

Пікір иесі: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, «Айқап» журналының 1912 жылғы №7-8 сандарында жарияланған «Туысқан-бауырларыма бір насихат» мақаласынан.