Get Mystery Box with random crypto!

Алланың жазасы ма? Құран кітапта орын алған Нұх, Лұт, Салих | Дің жолы

Алланың жазасы ма?

Құран кітапта орын алған Нұх, Лұт, Салих және Мұса (а.с) пайғамбарлардың қауымына табиғи апаттар (Алланың жазасы) келген болатын. Бұл табиғи апаттардың себебі олардың күнәларымен байланысты еді.

Осымен байланысты қазіргі таңдағы табиғи апаттарға да Алланың жазасы деп айтып жатады. Бұл ойды дұрыс деу қиын. Алдымен құрандағы "Алла жазасына" душар болған қауымдарға және жағдайға назар аударсақ.

1. Алланың жазасына ұшыраған қауымдар, Аллаға иман етпей Пайғамбарға итағат етпегендер. Құрандаға қиссаларға қарасақ, жаза тек Аллаға иман етпегендерге тиген.

2. Алланың жазасына ұшыраған қауымдарда, Жаза іске аспай тұрып, Пайғамбарды және оның қауымі жаза жерінен аман есен құтылуы.

3. Алланың жазасына ұшыраған қиссаларды қамтыған аяттардын меккелік кезеңде түсуі. Мекке кезеңі қиыншылық пен қауіпке толған кезең еді. Бұл кезеңдегі аяттарға қорқыту, жаза т.б қиямет пен ақырет жайында аяттар көптеп түсті. Себебі бұл уақытта пайғамбарға көптеген тосқауылдар бар еді. Мүшріктерге ескерту үшін осы секілді аяттар түсіп отырған.

Енді қазіргі таңда табиғи апаттан қаза тапқан адамдарға Алланың жазасы деп айту, діни тұрғыдан да этикалық болып есептелмейді. Жоғарыда айтылған факторларды есекерсек жаза тек кәпірлерге, иман етпегендерге келген. Сол үшін Алланың жазасы емес, адам баласының білімсіздігі, ұқыпсіздігі, салғырттығынан деп қарау дұрысқа жақын. Қаза тапқан адамдардың таныстарына да "Алла жазалады" (жазаланды)дегеннің орнына , кінәні өзімізден іздегеніміз дұрыс деп ойлаймын. Қоғамды, Бәрі Алланың қалауымен деп, детерминизмге баули бермей, жауапкершілікке тәрбиелеу керек.