Get Mystery Box with random crypto!

Beisenali Olzhas

Telegram kanalining logotibi beisenaliolzhas — Beisenali Olzhas B
Telegram kanalining logotibi beisenaliolzhas — Beisenali Olzhas
Kanal manzili: @beisenaliolzhas
Toifalar: Din
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 6.21K
Kanalning ta’rifi

Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім тапқан пайдалы нәрселерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.
Әлеуметтік парақшаларым:
Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas
Кітапхана: t.me/mufakkirr

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Oxirgi xabar 3

2022-08-25 02:52:01 Зун-нун әл-Мысриден біреу сұрапты:

– Әрдайым қинала беретін кім?
– Мінезі ең жаман адам
– Мінездің жаман болғандығының белгісі қандай?
– Көп жанжалдаса беру.

"Хильятул әулия", 8/26
1.5K viewsOlzhas Beisenali, 23:52
Ochish/sharhlash
2022-08-24 16:42:44 Шейх Яхья әл-Ғаусанидың айтуы бойынша жас балаға Құран жаттауға ең ыңғайлы жас – көбінесе бала бес жаста болғанда. Төрт жасында жаттап бастағандар да бар. Ал одан жас болса, оған суреттер арқылы араб әріптерін үйретуге болады.

Сондай-ақ үш жастағы балаға қысқа сүрелерді күнделікті тыңдатқызып жаттатуға болады дейді шейх Ғаусани. Себебі кейбір балалар, бала кезінде көптеген хикаялар мен қиссалларды жаттай алады.

Бірақ, бұл сөздерді оқып менің жасым өтіп кеткен, маған қатысы жоқ деме дейді шейх. Кімде шынайы мақсат пен талпыныс болса, ол иншаАлла, жаттап шығады. Мен қырық жастан асып Құран жаттаған талай бауырларды білемін дейді.

Шейхтың "Кайфа тахфаз әл-Құран" кітабынан

П.с. біздің де бір бауырымыз вахтада жүріп Құран жаттап шыққан еді. Бәрі де мүмкін
1.6K viewsOlzhas Beisenali, edited  13:42
Ochish/sharhlash
2022-08-24 16:31:28 Әбу Хурейрадан жеткен хадисте, Алла елшісі ﷺ:

"Кімде-кім Құранды бала кезінде жаттаса, жатаған Құраны оның етімен, қанымен араласып кетеді. Ал кімде-кім Оны үлкейген шағында жаттап бастап, жаттағаны одан кете берсе де (яғни ұмытып қала берсе), ол (жаттауды) тастамаса, оған екі сауап болады" – деді.

Әл-Байһақидың "әл-мадхал илә әс-сунан әл-кубро" кітабында 637-хадис және оның "әс-сунан әс-сағир" кітабында 949-хадис
1.5K viewsOlzhas Beisenali, edited  13:31
Ochish/sharhlash
2022-08-24 15:42:39
Қайсысын оқуды жөн көресіздер? Пікірге суреттегі оқыған кітабыңыз жайлы жазып кетіңіз
Anonymous Poll
18%
Бақыттың кілті жанұя
44%
Ислам жанұясы
11%
Сезім ұясы
27%
Жұбайлар құпиясы
312 voters1.5K viewsOlzhas Beisenali, 12:42
Ochish/sharhlash
2022-08-24 15:41:20
Опрос
1.5K viewsOlzhas Beisenali, 12:41
Ochish/sharhlash
2022-08-24 04:01:09 Өздерің теріп аласыңдар

Ахмад ибн Әбу әл-Хиуари айтады: "Маған Әбу Сулейман әд-Дарани былай деді":

"Сендер динар мен дирхамды тастау керек деп айтып жүрген адамдарың, қалайша оларды тастайды, егер сендер, адамдар ақшаларын тастаған кезде, өздерің барып (сол ақшаны) теріп алсаңдар?!".

"Хильятул әулия", 7/405

Яғни, кейде өзіміз адамдарды "зуһдқа" (дүниеге байланбауға) шақырамыз. Алайда өзіміздің жүрегіміз сол дүниеге байланған.
1.6K viewsOlzhas Beisenali, edited  01:01
Ochish/sharhlash
2022-08-23 18:29:47

1.6K viewsOlzhas Beisenali, 15:29
Ochish/sharhlash
2022-08-23 16:05:21 Ықылас

Имам Шәфиғи былай дейді:

"Адамдардың барлығы менің білетін ілімімді үйренгені үшін мен сауап алып, бірақ олар ол үшін мені мақтамағандарын қалайтын едім".

Басқа бір риуаятта: "Адамдардың барлығы менің кітаптарымды оқып үйреніп, маған ештеңені тіркемегендерін қалайтын едім" – деді.

"Хильятул әулия", 7/258

Яғни, имамның басты мақсаты – адамдардың үйренуі еді, атының танылуы емес. Біз болсақ "аманат", "сілтемені алып тастамаңыз" деп кейде ренжіп жатамыз. Бұл әрекет қате демеймін, бірақ ниет әрдайым дұрыс болу керек. Егер сілтемелерды алып тастамаңыз деген өтініштеріміздегі ниетіміз танымалдылық болса, онда қиын. Ал шынайы ықыласты болып, ғылыми аманатқа қиянат жасамауды талап етсеңіз, онда жөні бөлек. Алайда жүректе не бар екенін бір Алла біледі. Ниетті тұралап жүрейік.
1.7K viewsOlzhas Beisenali, edited  13:05
Ochish/sharhlash
2022-08-23 03:23:01 Хадис ілімі арыстандардың мекені

Имам ибн Салах хадис ілімі туралы:

"Хадис ілімі — қадірлі ілімдердің ішіндегі ең абзалы, пайдалы салалардың ішіндегі ең пайдалысы болып табылады. Оны ерлер мен мықтылар, яғни, терең зерттеуші ғалымдар мен толық кемелденгендер жақсы көреді. Ал жек көретіндер тек жексұрындар мен оңбағандар", – дейді.

Иә, бұл ілім өте шарапатты. Оның шарапаты – бұл ілімнің мазмұны тікелей Алла елшісімен байланысты болғандығы. Онымен терең айналыспаған адам – бұл ілімнің жауы атанады. Себебі, адам – өзі білмегеннің дұшпаны.

Бұл салаға әрбір адамға кіре беруге болмайды. Неге десеңіз, талай лайықсыздар кіріп тарихта қаншама бүлік шығарды. Алайда, онымен мүлде айналыспау да дұрыс емес. Себебі, бұл ілім – шариғаттағы басты ілімдердің бірі. Оған жету үшін қаншама ілімдерді артта қалдыру қажет. Сондықтан бұл ілімге кіруге асықпаған жөн, бірақ кіруге мақсат қою керек.

Кавказдық бір ұлы имам айтпақшы: "Сен хадисті хадис ғалымдарына қалдыр. Шын мәнінде, хадис жері – арыстандар мекендейтін жер. Ешкілердің жері емес".
1.7K viewsOlzhas Beisenali, 00:23
Ochish/sharhlash
2022-08-22 16:44:38 Хатим әл-Асам: Мен Шақиқ әл-Балхидың былай деп айтқанын естідім:

"Беру мен алудың арасын ажырат. Егер сен, саған берушіні жақсы көрсең, онда сен дүниені жақсы көретін адамсың. Егер сен, сенен алушыны жақсы көрсең, онда ақыретті жақсы көретін адамсың".

"Хильятул әулия", 6/300
1.8K viewsOlzhas Beisenali, edited  13:44
Ochish/sharhlash