Get Mystery Box with random crypto!

Beisenali Olzhas

Telegram kanalining logotibi beisenaliolzhas — Beisenali Olzhas B
Telegram kanalining logotibi beisenaliolzhas — Beisenali Olzhas
Kanal manzili: @beisenaliolzhas
Toifalar: Din
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 6.21K
Kanalning ta’rifi

Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім тапқан пайдалы нәрселерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.
Әлеуметтік парақшаларым:
Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas
Кітапхана: t.me/mufakkirr

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Oxirgi xabar

2022-08-31 17:21:16

279 viewsOlzhas Beisenali, 14:21
Ochish/sharhlash
2022-08-31 14:55:09 Сіздер көп сұрап, көп күттіңіздер, деп өзіме көп алмая қояйын. Осы айда әрі-бері жүгіріс көп болып, тек 4 кітап оқыдым. Соларға бір шолу жасап, қорытындылайын. 1. Рух Ислам психологиясы. Шынымды айтсам, таңқалдырар керемет әсер қалдырмады. Менің ойымша,…
631 viewsOlzhas Beisenali, 11:55
Ochish/sharhlash
2022-08-31 14:54:26 Сіздер көп сұрап, көп күттіңіздер, деп өзіме көп алмая қояйын. Осы айда әрі-бері жүгіріс көп болып, тек 4 кітап оқыдым. Соларға бір шолу жасап, қорытындылайын.

1. Рух

Ислам психологиясы. Шынымды айтсам, таңқалдырар керемет әсер қалдырмады. Менің ойымша, кітап діннен алыс я дінге енді келіп жатқан психологтарға көбірек пайдалы болатын сияқты. Кітап қатты үлкен болмағанымен, ішінде өте көп ақпарат жазылған және кей жерде бір сөз, сөйлем қайталанып келеді. Содан болар, кей кездері не оқып отырғаныңды түсінбей, тағы бір оқуға тура келеді. Әйтседе, маған кітаптың соңғы "Жан саулығы" деген бөлімі көбірек ұнады. Өзіме қажет біраз дүниені түртіп алдым.

2. 40 хадисов р вероубеждении

Ақида.
Кітапта 40 хадисті бірінен соң юірі тізіп бере салмай, мағынасы ұқсас хадстерді бір топқа бөліп, топқа тақырып берген.
Ахлю-сүннет жамағаты деген кімдер? Ашариттер, матуридиттер, ханбалиттер деген кімдер? Имам Ашари мен Матуридидің өміп жолына тоқталып, әр мазхабқа жеке тоқталып кеткен. Сонымен қатар, кітапта Ибн Таймия қандай мәселеде бізбен келіспей, адасқаны жайлы да айтылады. Егер ақида жайлы сұрақтарыма жауап алсам дейтін орыс тілді жандар болса, осы кітапты оқысаңыздар немесе ұсынсаңыздар болады.


3. Исламдағы адам құқықтары

Атауынан мені өзіне еліктіріп, оқуға қызықтырған кітап.
Кітапта ислам дініндегі құқық түсінігі мен адамның негізгі құқықтары және оның тарихи бастаулары кеңінен қарастрыла отырып, басқа діндер мен өркениеттердегі адам құқықтары мен бостандықтары, исламдағы өзге дін өкілдерінің құқықтары жайлы баяндалады.
Кітапта мен үшін ең құнды болған Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға көшкеннен кейін қабылдаған алғашқы Ата Заңы, Меккенің алынуы күні оқыған хұтбасы және қоштасу қажылығындағы хұтбасы толық жазылғандығы.

4. Таһажуд намазының құндылықтары

Сіз бен біз мән беріп қарамайтын, бірақ сауабы көп осы бір ғибадат жайлы жазылған керемет кітап.
Өзі жұқа, кішкентай ғана кітап болғанымен, ішіндегі ақпарат том-том кітапқа татиды. Пайғамбарымыз бен сахабалардың түнгі намазға қалай көңіл бөлгендігін және қандай ыждахаттылықпен оқығандығы айтылып, сізді де түнгі намазды оқуға ынталандырады. Егер таһажуд туралы толық біліп, оқуға ықыласымды оятамын десеңіз, бір оқып шығуға міндеттісіз.
601 viewsOlzhas Beisenali, 11:54
Ochish/sharhlash
2022-08-31 12:22:08
"Знамя салавата" сөзін қалай аударсақ абзал деп ойлайсыздар?
Anonymous Poll
63%
Салауат байрағы
19%
Салауат жалауы
18%
Салауат туы
314 voters852 viewsOlzhas Beisenali, 09:22
Ochish/sharhlash
2022-08-31 11:12:54
Оралдың дүкенінен тауып алдым
992 viewsOlzhas Beisenali, 08:12
Ochish/sharhlash
2022-08-30 12:01:02 Досың кім екенін білу үшін бір жауың болу керек екен
1.4K viewsOlzhas Beisenali, 09:01
Ochish/sharhlash
2022-08-29 17:44:58
1.6K viewsOlzhas Beisenali, 14:44
Ochish/sharhlash
2022-08-29 13:55:44 Екі жыл бұрын Атырауға барған кезде қарапайым халықтың сөйлеу мәнерімен жамағаттың сөйлеу мәнерінің айырмашылығын байқадым. Біздің жамағат сыпайы, жылы сөйлесе, қарапайым көшедегі адамның сөйлегені біз орталықтар үшін дөрекі, қатты естіледі.

Бүгін міне Оралда да сол айырмашылықты байқап қалдым. Жамағат әдеп деген затты білген соң жылы, жұмсақ сөйлей алады екен.

П.с. араларында бар әрине)
1.7K viewsOlzhas Beisenali, 10:55
Ochish/sharhlash
2022-08-29 13:52:10 Батыс Қазақстан "кәәәм ыстық қо")

Солтүстікке жақын деп жылы киінсем, ысып кеткен несі))
1.6K viewsOlzhas Beisenali, edited  10:52
Ochish/sharhlash
2022-08-29 13:50:52 Мынау "112" деген бір жағынан жақсы, бір жағынан опасный. Қайда барсам да, ауа райы жайлы ескертіп жатады және қайда барғанымды әрдайым біледі. Бәле)
1.6K viewsOlzhas Beisenali, edited  10:50
Ochish/sharhlash