Get Mystery Box with random crypto!

ТҮС. Сәт. ҮРЕЙ. (Еділбек Дүйсенге) Сол түсті мен де көрдім... | Аршылан Шаттық

ТҮС. Сәт. ҮРЕЙ.
(Еділбек Дүйсенге)

Сол түсті мен де көрдім...

Көзі қашалмаған тас пұттардан қаланған қамал
көкжиек жағалай қоршап,
сақ-сақ күледі құлақ тұндыра.

Жаңғырыққан күлкі қамал ішінде
құйын көтеріп,
Әлдебір бесікті ұшырып әкетті.

Білем,
ол мені де айналдырып кетпек
меңіреу тасқа
немесе
көзі қашалмаған,
алыстан болар-болмас көрінетін күлегеш, заржақ пұтқа...

Есіме
түстің аяқталатыны,
Оны тек қана бақытқа жоритын әжемнің
аспанға көшіп кеткені түсті.

..Қала тағы есінеді,
есінеді
бәрі бірдей түс көретін тұрғындар.

#АсыланҚуанышұлы
#АршыланШаттық