Get Mystery Box with random crypto!

Туған күніңмен, Еділ! Қашу (Еділбек Дүйсенге) Иә, ойымыз ж | Аршылан Шаттық

Туған күніңмен, Еділ! Қашу (Еділбек Дүйсенге)

Иә,
ойымыз жұлдыздар іспетті шашырап сіңген қара аспан,
Біз көкке қарыздармыз, бауырым!
Сусылдап қолыма жұға қоймайды ұстасам,
Оның табаны тиген сары құм.

Қашықта, иә, бәлкім қиялымыз жетпес алыста,
Тым баяу ырғақпен келеді кезгім.
Түсімнің соңын білмесем де, қалыс қап,
Оны мен ұйқыда жатып сездім.

Бәлкім,
Бәрінен қашсақ та алыс,
Төбеңнен саусақпен шұқиды күліп.
Кекетер тас керең қараңғы түн де
қарыздар екенімізді біліп...