Get Mystery Box with random crypto!

Украинаны қарасаңыз, ондағы биліктің әр өкілінде өзінше дербес | Yerzhan Abdraman

Украинаны қарасаңыз, ондағы биліктің әр өкілінде өзінше дербестік бар. Соғыс басталғалы Зеленскийдің беделі күрт өсіп, әлемге танымал саясаткерге айналды. Сөйтсе де оған жалтақтап отырған өкімет мүшесі немесе аймақ басшысы жоқ. Әрқайсысы өз басы, өз көзқарасы бар қайраткер ретінде әрекет етеді. Мемлекет мүддесін президентке адалдықтан жоғары қояды.

Мәулен Әшімбаев біздің мемлекеттегі екінші адам. Заң шығарушы билік тармағының басшысы. Екі пост жазса біреуіне Тоқаевты қосады. Бәрі Тоқаевтың тапсырмасымен.

Бұл автократиялық басқару жүйесіне тән нәрсе. Жай жағымпаздық емес. Әлдебір ерекше қасиетіңмен көзге түсуге болмайды. Керісінше, қай жағынан болсын президентке теңесе алмайтыныңды көрсетіп отыруың керек. Сондықтан өзі аса тәжірибелі, ақылды бола тұра, Әшімбаев мемлекет басшысының тапсырмасынсыз тұяғының ұшын қимылдата алмайтын адам сияқты көрінуге мәжбүр.

Автократиялық қоғамның дамымайтын, болашағы жоқ болатын бір себебі осы. Ол алғыр мен талантты тұншықтырып, сұрқайлық пен жағымпаздыққа жол ашады