Get Mystery Box with random crypto!

Арал мұңы Уақыт деген зымыранда қанша ағып, Теңіз де өлді ұлт | ҚАРАҚАЛПАҚ БАЙТЕРЕКЛЕРИ

Арал мұңы

Уақыт деген зымыранда қанша ағып,
Теңіз де өлді ұлтанында шаң қалып.
Бірге онымен көзін ілді көп кеме -
Титаниктің тағдырына тамсанып.

Темір - төзім Тәңіріне бағынып,
Тот басады бірге өзімен бақ - үміт.
Құм астынан құс жолына қарайды,
Шағаланың "шаңқ" еткенін сағынып.

Естілмейді үйрек үні, қаз әні.
Арал жайлы аза жырым аз әлі.
Бір білгенім кемелердің қашанда:
Тұз бен мұздан болады екен ажалы.

Желге қарап жерде қалған сұр кеме,
Сездірместен сыбырлады бірдеңе:
”Шөкпеуімді сұрамас ем Алладан.
Шөл үстінде қаларымды білгенде".

Уақыт атты өр өзенде қанша ағып,
Теңіз де өлді ұлтанында шаң қалып.
Бірге онымен көзін ілді - ау көөп кеме.
Титаниктің тағдырына тамсанып((

II

Жырмен ақыл айта алмасаң еліңе,
Айтыңдаршы, ақындықтың мəні не?
Мен өзімді, сезінемін кінəлі,
Адам қылған жамандықтың бəріне.

Айтар сөзім, тағы теңіз тағы мұң.
Біреулерге жат па сонша ар - ұғым?
Күліп тұрып түспеңдерші суретке,
Басып тұрып кемелердің қəбірін!

Күйіп барам өкініш пен кек кернеп.
(Басу айтар, бір періште көктен кеп.)
Неге қайта, оралмайды көк теңіз,
Неге қайта, қинар мені өткен дерт?

Осы ойлар, жүгіндірді қаламға,
Əйтпесе мен бостан босқа жазам ба?!
Зират үшін барсаңыздар түсінем,
Қызық үшін бармаңдаршы Аралға!

Айтар сөзім, тағы теңіз, тағы мұң.
Жатыр ма екен не еді деп жазығым.
Тасып тұрып түспеңдерші суретке,
Басып тұрып кемелердің қəбірін!

Арал мұңы емес маған өгей мұң.
Күйін шертем, күйіп кеткен көмейдің.
"Мені адамдар неге өлтірді" - деп қалса,
Айтыңдаршы, сорлы Аралға не деймін...
Не дейсің...
Не дейміз?

Мейрамбек Абдіқалиев

Мейрамбектиң усы қосық қатарлары маған қатты унайды, жүрегиңдеги ҳәсиретли сезимди дәл жазған, саў бол иним!