Get Mystery Box with random crypto!

Сіздер көп сұрап, көп күттіңіздер, деп өзіме көп алмая қояйын. | Beisenali Olzhas

Сіздер көп сұрап, көп күттіңіздер, деп өзіме көп алмая қояйын. Осы айда әрі-бері жүгіріс көп болып, тек 4 кітап оқыдым. Соларға бір шолу жасап, қорытындылайын.

1. Рух

Ислам психологиясы. Шынымды айтсам, таңқалдырар керемет әсер қалдырмады. Менің ойымша, кітап діннен алыс я дінге енді келіп жатқан психологтарға көбірек пайдалы болатын сияқты. Кітап қатты үлкен болмағанымен, ішінде өте көп ақпарат жазылған және кей жерде бір сөз, сөйлем қайталанып келеді. Содан болар, кей кездері не оқып отырғаныңды түсінбей, тағы бір оқуға тура келеді. Әйтседе, маған кітаптың соңғы "Жан саулығы" деген бөлімі көбірек ұнады. Өзіме қажет біраз дүниені түртіп алдым.

2. 40 хадисов р вероубеждении

Ақида.
Кітапта 40 хадисті бірінен соң юірі тізіп бере салмай, мағынасы ұқсас хадстерді бір топқа бөліп, топқа тақырып берген.
Ахлю-сүннет жамағаты деген кімдер? Ашариттер, матуридиттер, ханбалиттер деген кімдер? Имам Ашари мен Матуридидің өміп жолына тоқталып, әр мазхабқа жеке тоқталып кеткен. Сонымен қатар, кітапта Ибн Таймия қандай мәселеде бізбен келіспей, адасқаны жайлы да айтылады. Егер ақида жайлы сұрақтарыма жауап алсам дейтін орыс тілді жандар болса, осы кітапты оқысаңыздар немесе ұсынсаңыздар болады.


3. Исламдағы адам құқықтары

Атауынан мені өзіне еліктіріп, оқуға қызықтырған кітап.
Кітапта ислам дініндегі құқық түсінігі мен адамның негізгі құқықтары және оның тарихи бастаулары кеңінен қарастрыла отырып, басқа діндер мен өркениеттердегі адам құқықтары мен бостандықтары, исламдағы өзге дін өкілдерінің құқықтары жайлы баяндалады.
Кітапта мен үшін ең құнды болған Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға көшкеннен кейін қабылдаған алғашқы Ата Заңы, Меккенің алынуы күні оқыған хұтбасы және қоштасу қажылығындағы хұтбасы толық жазылғандығы.

4. Таһажуд намазының құндылықтары

Сіз бен біз мән беріп қарамайтын, бірақ сауабы көп осы бір ғибадат жайлы жазылған керемет кітап.
Өзі жұқа, кішкентай ғана кітап болғанымен, ішіндегі ақпарат том-том кітапқа татиды. Пайғамбарымыз бен сахабалардың түнгі намазға қалай көңіл бөлгендігін және қандай ыждахаттылықпен оқығандығы айтылып, сізді де түнгі намазды оқуға ынталандырады. Егер таһажуд туралы толық біліп, оқуға ықыласымды оятамын десеңіз, бір оқып шығуға міндеттісіз.