Get Mystery Box with random crypto!

Қаңтарда байланысты ажыратып тастап, бейбіт халықты қырған кез | Yerzhan Abdraman

Қаңтарда байланысты ажыратып тастап, бейбіт халықты қырған кезді айтам. Ара-тұра интернет беріле қалған сәтте бір кісідей шыға келіп, террористермен шайқас жүріп жатыр, артық әңгіме болмасын, тыныш отырыңдар деп қақсаған пропагандистер естеріңізде ме?

Солардың бірі Рожин деген еді. Кейін бір жерге қонжиды деп жатқан. Енді қазақтан көрген жақсылығын айтып, орыстарға қазақпен қалай тату тұруды үйретіп сентиментальный пост жазып қойыпты. Орыс қазақша сөйлесе жайылып түсетін қазекең оған мәз.

Ресейдің Украинадағы айуандығы туралы бір пост жазбаған Козачков ана жақта орыстарға кетіңдер деген қазақ әйелді сотталасың деп қорқытып жатыр.

Ресми дерек бойынша, қазір Қазақстанда 350 000 ресейлік жүр екен. Бұл көп пе, аз ба? Салыстырып көрейік.

Исландия мемлекетінің халық саны - 360 000

Облыс орталығы Өскеменнің тұрғын саны – 350 000

Қазақстандағы ұйғырлар саны - 300 000

Қазақстан әскерінің саны - 135 000

Қазақстан халқының бір жылғы табиғи өсімі - 270 000 адам

Еуропа елдерінің бәрі дерлік ресейліктерге шекараны жапты.

Швеция украиндардан басқа халықтарды елге кіргізбейміз деп мәлімдеді.

Ал бізге алты айдың ішінде бір қаланың халқына тең ресейлік келді. Күніне бірнеше мың әлі кіріп жатыр.

Мұнда қандай мән бар?