Get Mystery Box with random crypto!

Шейх аль-Албани 'Сахих аль-Джами’ ас-Сағир' Абу Хурайра, оғ | ᴜᴍʀᴀ 2023

Шейх аль-Албани "Сахих аль-Джами’ ас-Сағир"

Абу Хурайра, оған Аллаһ разы болсын, былай деді:
«Рамадан айы басталғанда Аллаһ Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Сендерге Рамадан айы, игілікті ай келді, Аллаһ онда сендерге ораза ұстауды парыз етті. Осы ай кезінде Жәннәт есіктері ашық та, Тозақ есіктері – жабық және шайтандар шынжырмен құрсалады. Оның ішінде мың айдан да қадірлі болған (Ләйлатуль-қадыр) түн бар. Кім оның игілігтерінен құр қалса – шындығында да құр қалғаны"»
Бұл хадисті жеткізгендер Ахмад 2/230, ан-Насаи 4/129, аль-Байхақи және «Шу’аб аль-Иман» 3600. Хадисті шейх аль-Албани сенімді деп тапқан.

Хафиз Ибн Раджаб былай деген:
«Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларын Рамаданның келуімен қуандырған. Кейбір ғалымдар: "Бұл хадис адамдардың бір-бірін Рамадан айының келуімен құттықтауға болатындығына дәлелінің негізі болып табылады ", - деп айтқан. Қараңыз :“Лятаифуль-ма’ариф”