Get Mystery Box with random crypto!

Бақытты адам болғың келсе... Бақытты адам болғың келсе, өткен | 𝑻𝒖𝒔𝒊𝒎𝒅𝒆𝒔𝒊𝒏

Бақытты адам болғың келсе...

Бақытты адам болғың келсе, өткенді қопара берме. Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды. Әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де сізге күліп қарайтын болады.
Бағалай білмегенге бақ қонбайды,
Қуана білмегенге құт қонбайды.
Кешегі күнге - сабақпен, бүгінгі күнге - мақсатпен, ертеңгі күнге - нақтылықпен қарау керек.
Өмір - жақыннан қарасаң трагедия, бірақ, алыстан қарасаң комедия.
Ақымақ болмаңыз, алдыңызға мақсат қойыңыз. Ал сол мақсатқа жету үшін ерінбей еңбек етіңіз.
Үш нәрсе қайтып келмейді: Уақыт, Сөз, Мүмкіндік.
Сондықтан: Уақытты жоғалтпаңыз, абайлап сөйлеңіз, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Адам — өз ойының жемісі. Не ойласаң сол болады.
Өмір сүру - сізге берілген сыйлық. Ал бақытты болу - сіздің таңдауыңыз.
Бақытты өмір жоқ - бақытты күндер ғана бар.
Алға ұмтылу - өмірдің мақсаты осы ғой!