Get Mystery Box with random crypto!

'Помидор' алгоритмі 1. Сыртқы ортадағы алаңдатушыларды жою С | Турар Абдигазиев

"Помидор" алгоритмі

1. Сыртқы ортадағы алаңдатушыларды жою


Сыртқы ортадағы алаңдатушыларға телефон, интернет, достар тіпті жанұямыз мүшелері де кіруі мүмкін. Бірінші орында сіз жұмысқа кіріспестен алдын үйдегілерді мазаламауын ескертіп қоюыңыз, кейін болса телефоныңызды өшіріп қоюыңыз немесе дауыссыз режимға өткізіп қоюыңыз керек. Егер жұмыс барысында кімде-кім немесе бір нәрсе сіздің назарыңызды бөлсе, яғни концентрацияңызды шалғытса, оны қайтадан бір жерге яғни сол жұмысқа топтау үшін 15-25 минут уақытыңыз кетеді.

2. Жұмысты алдын-ала жоспарлау

Сізге жұмыс үшін керек болатын материалдарды, предметтерді дайындап қойың. Егер кітап немесе бірер-бір текстті оқымақшы болсаңыз, шамалап қай жерден қай жерге оқуыңызды жоспарлап алың, компьютерде жұмыс жасамақшы болсаңыз, компьютерді қосып дайындап қойың және т.б. Жұмыс жасайтын жеріңізде де өзіңізге қолайлық жаратып алың.

3. "Помидор"

Егер сіз жұмысқа дайын болсаңыз, таймерді 25 минутқа қойып, осы уақыт аяқталмағанша жұмыс жасауыңыз, жұмыс кезеңінде бар күшіңізді, назарыңызды жұмысқа қаратуыңыз тиіс. Алдындары 2 сағатта да қылып үлгермеген жұмысыңызды 25 минутта аяқтауыңыз мүмкін.
"Помидор"ды пайдалануға жұмсалған уақыт пайдалы жұмыс коэффициенті бойынша өте пайдалы болады.
Біріншіден, таймердағы уақыт аяқталып бара жатқаны миыңызды тезірек(асығып) жұмыс жасауға үндейді.
Екіншіден, егер әрдайым бірер-бір жұмыс жасау үшін "Помидор" әдісінен пайдаланатын болсаңыз, сіздің "Помидор"ыңыздың пайдалы жұмыс коэффициенті(ПЖК) асады.

4. Дем алу

Әр 25 минуттан соң 5 минуттық демалыс қыласыз. Демалыс кезеңінде біреумен сөйлесу, телефон ойнау, видео көру, музыка есіту мүмкін емес. Демалыс дегені демалыс. Демалыс кезінде сіз барынша таза ауадан дем алуыңыз немесе ештеңе қылмай жәй орныңызда жатыуыңыз керек(ұйықтап қалмау керек). Демалыс аяқталғаннан соң таймерді 25 минутқа қойың да және іске кірісің. Бұндай жұмыс периодтарын(25 минут жұмыс, 5 минут дем) 4 рет қайталағаныңыздан соң бір сағаттық үлкен демалыс қылың.

"Помидор" әдісімен еш уақытта жатқан жағдайда істеп болмайды. Сіз жұмыс жасау позасын(дене жағдайын) дұрыс таңдай білуіңіз керек. Оның үшін денеңізді сәл алдыраққа иің. Типа сіз жұмысқа атылайын деп тұрсыз.

Адам қиялының дене жағдайы менен байланысы бар. Егер сіз жұмысқа болған көз-қарасыңызды позаңызда өрнектей алсаңыз, миыңыз да сол нәрсеге сенуді бастайды.

"Помидор" әдісінің және бір қолайлығы сонда, сіз әрдайым таймеріңізді басып жұмысқа кірісіп кетесіз, миыңыз шартты рефлекс пайда қылуды бастайды. Таймер іске түсе сала миыңыз концентратцияңызды автоматты түрде бір жерге жинайтын болады.