Get Mystery Box with random crypto!

Ғазиз, адал бауырларым! Қасиетті үш айлардан соң әсіресе көкте | НУР ФЕЙЗ

Ғазиз, адал бауырларым!
Қасиетті үш айлардан соң әсіресе көктемге жақын дүниелік тұрмыс басталып ғапылдық басып, қызмет біршама тоқырауға ұшырайтыны рас. Кейбіреуді әуре-сарсаңға салып ауру-мазасыздық және әскерге шақыру басталып, соның кесірінен Рисалей-Нұр қызметі баяулап қалуы мүмкін деп уайымдағаным рас.(Қ-146)
Мына қасиетті айларда қатты ықыластанып, әрі мұқтаждық сезініп ақыреттік амал жасауға құлшынған едім. Өкінішке орай қазіргі жағдай және кейбір себептерге байланысты сәті түспеген еді. Осы ауру дәл сол қасиетті айларға дөп келіп, ауру-сырқаттың саясында күшті ықылас оянып, мол сауап жинатып орасан зор пайдасы тиді. Мені күндіз тауға шығудан тыйып, бау-бақшаларды аралауға жол бермеді әрі түнде ұйқыдан, ғапылдықтан сақтап шынайы жалбарынып, мінәжат қылуға, түнде ұйықтамай таң атыруға себеп болды.(Қ-285)
Дегенмен осы қасиетті үш айлардағы ерекше күндер мен түндерде ықыласты дұғаларыңмен бізге демеу беріп жәрдем етіңдер. Жауыздардың қолдарынан ештеңе келмейді. Бірақ, мүмкін болғанынша сақтық шараларын жасап, мұқият болыңдар.(Қ-173)
Бұл қасиетті үш айлар сексен жылдан астам мағынауи өмір сыйлайды. Олай болса әлбетте сендердей мүджаһит батырлар оны тиімді пайдаланбақ. Хақ тағала әрбір түнін сендерге Миғраж, Барат және Қадір түні секілді қымбатты да сауапты қылсын, әмин.(Қ-98)