Get Mystery Box with random crypto!

Ертеде бір кісі жол жүріп келе жатып, қариядан жөн сұрайды. Со | Құралай Калиева - Әйелдер психологы/коуч

Ертеде бір кісі жол жүріп келе жатып, қариядан жөн сұрайды. Сонда ақсақал жол көрсетіп, «Балам, жол жүрген шағыңда қорқынышыңды жеңе біл, шаршаған кезде мазарлар мен қорымдарға қонып, көз шырымын алуыңа болады. Жолың болсын!», – деп батасын беріп, шығарып салады.
Жолаушы әрі қарай сапарын жалғастырады. Біршама уақыттан кейін мазар маңына атын байлап, кәлимәсін айтып, ұйқыға ыңғайланады. Бірақ, ұйықтар алдында бойын қорқыныш билей бастайды.
Қынабындағы қанжарын суырып, жанына қадап қоймақ болады. Сол сәтте қанжарымен бірге шапанының етегін жерге қадап қояды. Бірақ, мұнысын өзі байқамай сол күйі ұйықтап кетеді. Таң атысымен «біссімілләсін» айтып, орнынан тұруға ұмтылып еді, киімін бір нәрсе жібермейді. Үш рет тұруға ұмтылғанымен де дым шықпайды. Содан кейін мазасыз ой үрейін алып, жүрегі жарылып кеткен көрінеді. Ықылым заманнан келе жатқан «қорыққанға қос көрінеді» деген тіркес осыдан қалса керек.

Ал сіз неден қорқасыз?