Get Mystery Box with random crypto!

АҚША ПОТОГЫҢЫЗ ЖАБЫЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ... ⠀ Ол үшін: ⠀ 1. Ең алдыме | Құралай Калиева - Әйелдер психологы/коуч

АҚША ПОТОГЫҢЫЗ ЖАБЫЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ...

Ол үшін:

1. Ең алдымен сіз ақша күшін қарыз алсаңыз жоғалта бастайсыз. Біреуге 100 тг қарыз болсаңыз да, қайтаруға асығыңыз. "Қарызды бай досымнан немесе жан досымнан алғанмын. Ол менің қарызыма қарап қалмайды, ұмытып кететін шығар" деген пікірді миыңыздан шығарыңыз. Қарыз алатын кезде "қайтарамын" деген ниет болса, Алла Тағала сізге жәрдемші болады.

2. Өкпе реніштен арылыңыз. Ешкімнен қайтарым күтпеңіз. Ренжімеуді үйреніңіз. Адам баласына, әсіресе ер адамға деген реніш ақша потогыңызды жабады.

3. Уайым. "Үйді қалай аламын? Кредитімді қашан жабамын?" деп үнемі уайыммен өмір сүрсеңіз, ақша потогы жабылды деп біліңіз.

4. Қатыгез болмаңыз, мейірімді болыңыз. Жүрегіңіз бен көңіліңіз кең болса, ақшаның көлемі де ұлғаяды.

5. Кек сақтап, өш алудан аулақ болыңыз. "Мені сатып кетті, мені алдап кетті, менде оған қайтарамын" деп бойыңыздағы өш алу энергетикасы толып тұрса, дереу тоқтатыңыз.

6. Кешке дейін мұңаю, жылау, кез- келген нәрседен бірінші негативті көру ақша жетіспеушілігіне алып келеді.

7. Дұрыс демалмау, аптасына 7 күн демалыссыз жұмыс жасау, қалай да көп ақша табуым керек деп денсаулығын күтпеу ақша потогын жабуға алып келеді.

8. Ішімдік ішетін адамдарға патшайымдай өмір сүру, ақшадан ләззат алу маңызды болмай қалады. Бар ақшасын ішімдікке жұмсайды. Ләззат пен комфортты ақшадан емес, ішімдіктен іздейді.

Осы іс әрекеттеріңізбен жұмыс жасап дәулетті ханым болуға қадам жасаңыз.

Ендеше, "МЕН ДӘУЛЕТТІ ХАНЫММЫН" деп жаза кетіңіз. Ал, мен Әумин деп сіздерге тілекші болайын!