Get Mystery Box with random crypto!

Түрегеп тұрып су ішудің зияндары Ғалымдар түрегеп тұрып су і | Құралай Калиева - Әйелдер психологы/коуч

Түрегеп тұрып су ішудің зияндары

Ғалымдар түрегеп тұрып су ішудің адамдарға медициналық тұрғыдан зиян келтіретінін білдіре отырып: «Адамдардың асқазандары дененің қалай тұрғанына қарай әртүрлі болады. Яғни, түрегеп тұрған кездегі және отырған кездегі асқазанның халі екі түрлі. Асқазанның кішкентай иіңкі бөлігіне сай келетін Вальдейер асқазан қуысы деп аталатын қуыс болады. Сұйық азықтар осы жерден тұрақты ашық қуысы бар асқазан жолынан шығып он екі елі ішекке өтеді.

Қысқаша айтқанда адамдардың түрегеп тұрып су ішулері еш жерге әсері болмастан тікелей он екі елі ішекке өтеді. Бұл суды түрегеп ішкенде су асқазанда бірікпейді және денеге пайдасы болмайды. Егер адамдар суды отырып ішсе алдымен асқазанда бірігеді, қышқылдармен араласып, микробтары өледі, кейін он екі елі ішекке өтеді.  Адамдар көрінген жерден су алып, түрегеп ішіп кете берсе кейбір ауруларға душар болады,» деді.

Түрегеп тұрып су ішудің медициналық тұрғыдан зияны болумен қатар бұл жөнінде дінімізде де сүйікті пайғамбарымыз тарапынан айтылған хадистер бар:
«Егер түрегеп тұрып су ішкен адам асқазанына келтіретін зиянды білгенде, ішкен суын құсып жіберер еді.» (Абдурраззақ 10/427 хадис 19588)
«Түрегеп су ішпеңдер. МКімде кім ұмытып, түрегеп тұрып су ішсе, құсып, шығарып тастауға тырыссын.» деген. (Мүслим әшриба хадис 116)