Get Mystery Box with random crypto!

БАРЛЫҒЫ СЕНІҢ ҚОЛЫҢДА! Баяғыда бір ескі шаһарда шәкірттері кө | Құралай Калиева - Әйелдер психологы/коуч

БАРЛЫҒЫ СЕНІҢ ҚОЛЫҢДА!

Баяғыда бір ескі шаһарда шәкірттері көп ғұлама ұстаз тұрған екен...

Күндердің бір күнінде шәкірттерінің ішіндегі ең ақылдысы: "Осы біздің ұстазымызды бәрі данышпан деседі, алайда оның да жауап бере алмайтын бір сұрағы болуға тиіс" деген ойға келеді.

Сөйтіп, ұстазын қалайда сүріндірмекші болады. Бақшаға барды да, бір көбелекті ұстап алып, екі алақанының арасына жасырды. Көбелектің қанаты оның алақанын қытықтап жатты. Шәкірті қулана жымиып, ұстазға келіп былай деп сұрады: "Айтыңызшы, менің қолымдағы көбелек тірі ме, өлі ме?" Ол ұстазының берген жауабына қарай, кез келген сәтте көбелекті алақанымен қысып қалуға дайын тұр еді. Сонда ұстазы шәкіртінің қолына қарамастан: "Барлығы сенің қолыңда..." - деп жауап беріпті.

Бұл оқиғадан қандай ой түйдіңіз?