Get Mystery Box with random crypto!

Кешегі самооценкаға байланысты пікірлеріңізді толық оқып шықты | Құралай Калиева - Әйелдер психологы/коуч

Кешегі самооценкаға байланысты пікірлеріңізді толық оқып шықтым. Көбінің басты проблемасы осы тақырып барысында екен. Өз-өздеріңізге көңіл толмау, керемет дүниелерді өзіңізге қимау, тән мен жандағы өзіндік бағалаудың төмендігі байқалды.
Кейбіріңіздің іштеріңізде өзіндік “мен” деген позицияның есігі жабық тұр. Бірінші орынға өзгені қоясыздар. Отбасы, бала-шағаны бағалаған дұрыс. Бірақ, өзіңіздің бағаңызды өсіріп, өзіңізге мүмкіндік бергенде ғана отбасылық проблемалар, жан мен тәннің үйлесімі керемет үйлесіп тауып ерекше шешімін табады.
Менің де басқалар үшін шырылдап, өзімді соңғы орында қойып, елемей, бағамның құнын кетірген кездерім болды. Ол кездер ой түйетін болсақ қоршаған ортамды орнымның әлсіздігіне, отбасылық кейбір проблемалардың тууына, басымдағы мәселелердің шоғырына алып келді.
Қалай өзімнің самооценкаммен күресіп, әр түрлі тәсілмен “мен” деген позициямды ояттым. Сол кезде айналам жанданып, басымдағы түрлі проблемалар шешілді ғой.
Өзіңізбен айналысыңыз жақыным. Сонда көзіңіз ашылады барлық мәселенің тетігі самооценканың төмендігімен байланып тұрғанынан көзіңіз жетеді.
Өз өмірімдегі тәжірибелер арқылы өзгеге бақыт сыйлаған кезде қатты қуанамын. Менің курсымдағы курсанттардың өзіне деген құрметі артып, алғысын жаудыратынын инстаграм парақшасынан көрсеңіздер болады

Бұл жерде техниканы жеткізе алмаймын, бүгін кешке көрмегендер үшін “Ақша потогын ашудың 5 құпиясы” практикалық сабаққа шақырсам?

Самооценка туралы да тың ақпарат беремін