Get Mystery Box with random crypto!

3 ОҚЫРМАНҒА КІТАП СЫЙЛАП, 5-30% АРАЛЫҒЫНДА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙМЫЗ! | 📚Пайдалы кітаптар

3 ОҚЫРМАНҒА КІТАП СЫЙЛАП, 5-30% АРАЛЫҒЫНДА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙМЫЗ!

Құрметті оқырман!

Ертең 23 қазан күні, сағат 12:00-14:00 аралығында Астана қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы, 47 үй мекен-жайындағы дүкенімізде балалар ақыны, жазушы-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты, “Алтын сақа” баспасының бас редакторы Саят Қамшыгермен кездесу өтеді.

Кездесу барысында “Ұлы дала батырлары” кітабының тұсаукесері өтіп, интерактивті ойындар ұйымдастыралады.

Ойынға қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап берген 3 оқырманға автор өз кітабын сыйға тартады. Сонымен қатар барлық кітаптарға 5-30% аралығында жеңілдік болады.

Келіңіздер, көріңіздер! Ғибратқа толы кездесуге қатысып, сый-сияпат пен жеңілдікке ие болыңыздар!

Мекен-жайымыз:
Астана қаласы,
Ахмет Байтұрсынұлы, 47 үй,
KITAP AL дүкені.

Өтетін уақыты:
23 қазан, 12:00-14:00 аралығы.